ӘЗ-ЗАМАХШАРИДІҢ «МУКАДДИМАТ ӘЛ-АДАБ» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ ТІРКЕСТЕР
Кілт сөздер:
Замахшари, Мукаддимат әл-Адаб, синтаксис, сөз тіркесі, есімді тіркес, сөз таптары, байланысу, тіл, сөздік.Аңдатпа
Орта ғасырдың көрнекті ғалымдарының бірі Замахшаридің «Мукаддимат әл-Адаб» сөздігі құнды дүние болып саналады. Бұл мақалада Әз-Замахшаридің
«Мукаддимат әл-Адаб» еңбегінде кездесетін қабыса байланысқан сөз тіркестері қарастырылады. Ескерткіш тіліндегі сөз тіркестерінің жасалуы, олардың ерекшелігі анықталады. Әр сөз табынан жасалған қабыса байланысқан сөз тіркестерінің қасиеті, жасалу ерекшелігі қарастырылады. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің шарттары ажыратылады. Олар қазіргі қазақ тілімен салыстырылады. Мағыналық және құрылымдық ерекшеліктері анықталады. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің жасалу жолдары, есім сөз таптарына назар аударады. Зерттеу барысында жалпы қазіргі қазақ тілінде кездесетін синтаксистік заңдылықтар қаралады. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырылып, ескерткіш тіліндегі айырмашылықтар талданады. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің негізгі ерекшеліктері анықталып, орта ғасырдағы қолданылу аясы нақтыланды. Жасалу тәсілдері, қолданылу мүмкіндіктері айқындалды. Ескерткіш тілінің сөз тіркесі саласы бойынша бірқатар ақпараттар беріліп, сөз тіркестерінің аналитикалық жасалу жолдары талқыланды.
Зерттеудің практикалық құндылығы гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орнының ізденушілері мен оқытушылары Түркология саласының синтаксис бөлімінде қолдана алады.
Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы түркітану ғылымының лексикография саласының дамуына өз үлесін қоса алады.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған тұжырымдар түркітану саласының синтаксисін зерттеуде практикалық маңызға ие болады.