*БИДІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯСЫ

*БИДІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯСЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

заң риторикасы, моральдық бірегейлік, риторикалық бірегейлік, перлокация, иллокуция, риторикалық идеал, коммуникативті риторика.

Аңдатпа

Мақала қазақ риторикалық идеалын, ұлттық және коммуникативтік сананы сипаттайтын риторикалық және адамгершілік бірегейлік ұғымдарына қатысты коммуникативтік риторика мәселелеріне арналған. Зерттеу нысаны ретінде бидің тілдік тұлғасымен оның құқық субъектілері қарастырылды. Бидің тыңдаушыға сөйлеу әсері риторикалық аргумент аспектісінде жеке тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде, бидің коммуникант ретіндегі рөлімен риторикалық дискурсын, сөйлеушінің тыңдаушыға иллокутивті және перлокутивті әсерін, бидің тілдік тұлғасының портретін сипаттау үшін қарастырылды. «Мемориалды мәдениеттер» ұғымдарын қолдану, риторикалық бірегейлік, басқарылатын бірегейлік сынды мәселелерді психо-аналитикалық және феноменологиялық тұрғыдан түсіндіруге ықпал етеді. Неориторикалық тәсілді, лингвопрагматика, лингвоконцетология, лингвомәдениеттану әдістерін, сондай-ақ тарихи-типологиялық әдісті қолдану Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің коммуникативтік стратегияларын сипаттауға мүмкіндік берді. Сөйлеушінің ниетін сипаттау, ниетті жүзеге асыру және тыңдаушының бидің ниетін тануы перлокацияны қолдануға негізделген. Билердің қолданған логикалық жұмбақтары, идиомалары, сөз тіркестері мен мақал-мәтелдері афористік стиль мен аллегорияның негізі ретінде қарастырылып,нәтижелері сипатталған. Тілдік, басқарылатын және ұжымдық бірегейліктің синтезін дәлелдеу, тыңдаушыны тәрбиелеу және оның санасы мен дүниетанымы туралы халықтық идеялар арқылы басқару үшін коммуникация мен аргументация мысалында көрсетілген. Бұл тәсіл бірегейлік дағдарысымен риторикалық идеалдың өзгеруін қатар түсіндіреді. Қазақ риторикасының маңыздылығы риторикалық бірегейлікті дамыту және оны кәсіби бірегейлікке бейіндеу тұрғысынан негізделген.

Авторлар туралы мәліметтер

Құралай Оразаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, доцент

Шолпан Жарқынбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

*Гулнур Ерік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...