МНЕМОТЕХНИКА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

МНЕМОТЕХНИКА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: лексикалық дағдылар, мнемотехника, ассоциация, мнемоникалық әдістер, тілді оқыту.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда лексикалық дағдыларды қалыптастыру құралы ретінде мнемотехниканы қолдану әдістемесі туралы айтылады. Мақаланың мақсаты мнемотехника әдістерін дәстүрлі оқу процесіне біріктірудің тиімділігін талдау. Мнемотехниканы оқу үдерісінде қолдану лексикалық бірліктерді еріксіз есте сақтауға ықпал етіп, оларды ұзақ мерзімді жадыдан тез еске түсіруге, лексикалық бірліктерді грамматикалық байланыстыра алуға және олардың грамматикалық мағынасын түсінуге көмектеседі.

Зерттеу жұмысында оқушылардың лексикалық дағдыларын қалыптастыруды оңтайландыру үшін мнемотехниканың әртүрлі әдістері қарастырылады. Атап айтқанда, мнемотехникалық әдістер: фонетикалық ассоциациялар әдісі, еркін ассоциация әдісі, белсенді қайталау әдістері талдау нысанына алынды. Жұмыста лексикалық дағдыларды қалыптастырудың тиімді құралы ретінде мнемотехника әдістерін қолданудың бірқатар артықшылықтарына, сондай-ақ бұл әдісті оқу үдерісі кезінде пайдалануда туындауы мүмкін мәселелерге ерекше назар аударылады.

Мақалада білім алушылардың лексикалық дағдыларын қалыптастыру аспектісінде мнемотехниканы қолдану мәселесі бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің талдау нәтижелерін жинақтап, қазіргі лингводидактика үшін зерттеу жұмысының өзектілігін растайтын ғалымдар мен практик педагогтардың балама көзқарастарына талдау жүргізіледі. Тіл үйрету процесінің тиімділігін арттыру үшін мнемотехниканың жоғары әлеуеті туралы қорытынды жасалады.

Мнемотехниканы оқу процесіне әдістемелік тұрғыдан дұрыс интеграциялау білім алушылар игеретін лексикалық бірліктер көлемінің ұлғаюына, тілдегі қабылдауға ауыр материалдарды неғұрлым егжей-тегжейлі тануға ықпал етеді, білім алушыларда дидактизация дағдыларын қалыптастырады. Позитивті оқу ортасының арқасында пайда болатын нәтижелі білім жағдайы оқушылардың лексикалық дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыруға ықпал етеді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айдана Ораз, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Қуанышбек Маликов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Нурила Халикова, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

–  филология  ғылымдарының  кандидаты, аға оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-08-14

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...