ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНТОНИМДЕРДІ ЛЕКСИКОГРАФИЯЛАУ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
антонимдер, лексикография, қарама-қарсы мағына, тілдік тәсілдер, антонимдер сөздігі, салыстыру, контекстік мағына.Аңдатпа
Қазақ тіліндегі антонимдер сөздігінің құрылымы бойынша талдау жасалып, жалпы антонимдердің табиғатын зерделеген мақалада жалпы қарама-қарсы мағына берудегі тілдік тәсілдердің ерекшеліктері мен қазақ тіліндегі антонимдер сөздігінің жасалуы туралы мәселелер қарастырылған.
Мақалада антонимдердің мағыналық топтары мен олардың жіктелуі жөнінде шетелдік ғалымдар мен отандық зерттеушілердің ғылыми ой-тұжымдары сараланып, қазіргі қазақ тіліндегі зерттеу нәтижелері бойынша саралау жұмыстары жүргізілді.
Антонимдердің грамматикалық ерекшелігіне байланысты татар, құмық тілдеріндегі антонимдер жасау жолы мен қазақ тіліндегі антонимдердің жасалуы салыстырыла отырып, ұқсатығы, тілдердің тарихи негіздерінің байланыстылығы ретінде қарастырылды. Антонимияның жалпы семиотика негіздеріне байланысты келіп, қарама-қарсы қатынастарды білдіретінін зерттеушілер көрсеткен. Сөздік дайындауда антонимдердің грамматикалық белгілерімен қатар, олардың мағыналық және контестік сипаттына да назар аудару керек екені сараланды. Антонимдерді зерттеуде тек лингвистикалық белгілерін ғана емес, олардың адам танымының қалыптасуындағы философиялық сипаттарын да ескеру керек екені зерделенді.
Антонимдірдің стильдік сипатының болуы жекелеген авторлардың қолданысымен байланысты қарастырылатыны да біршама талданды. Стильдік антонимдердің контестік мағынасы бірте-бірте орнығып, тұрақты мағынаға айналатыны да дәйектеліп көрсетілді. Сондай-ақ антонимдердің лексикографиялануы үшін тілдік сипатымен қатар, философиялық мәні де маңызды екені көрсетілді.