ҚАЗАҚ ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «АҚЫЛ-ОЙ ӘРЕКЕТІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

ҚАЗАҚ ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «АҚЫЛ-ОЙ ӘРЕКЕТІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Авторлар

Аңдатпа

Мақалақазақ ертегі дискурсындағы «Ақыл-ой әрекеті» концептісінің тілдік репрезентациясын талдауға арналады.Зерттеу қазіргі тіл білімінің лингвомәдениеттану, лингвостилистика, этнопсихолингвистика, дискурсология және лингвоконцептология сияқты жаңа бағыттары аясында қарастырылады. Зерттеу нысаны – қазақ ертегі дискурсындағы «Ақыл-ой әрекеті» концептісі. Зерттеу пәні – аталған концептіні өзектейтін лексикалық бірліктер. Зерттеудің мақсаты – қазақ ертегі дискурсындағы «Ақыл-ой әрекеті» концептісінің мағынасын түсінудегі ерекшелікті анықтау. Зерттеуде лингвомәдениеттану аясында тіл мен мәдениеттің байланысын анықтауға, концепт ұғымын, оның құрылымын қарастыруға және зерттеу әдістерін анықтауға, «Ақыл-ой әрекеті» концептісінің құрылымын анықтауға, «Ақыл-ой әрекеті» концептісіне лексикографиялық, дискурстық, лингвомәдени талдау жасалды. Зерттеу материалы ретінде қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері, синонимдер, антонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздіктер және қазақ тіліндегі қиял-ғажайып ертегі мәтіндері алынды. Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздеріне дискурс теориясы мен дискурстық талдау, сөйлеу қарым-қатынас теориясы, салғастырмалы тіл білімі, функционалды лингвистика және сөйлеу жанры теориясы, мәтін лингвистикасы, лингвомәдениеттану, ертегі дискурсы бойынша жазылған зерттеулердегі ғылыми тұжырымдар басшылыққа алынды. Ғылыми зерттеудің жаңалығы  «Ақыл-ой әрекеті» концептісіне лексикографиялық, дискурстық және лингвомәдени талдау кешенді сипаттама беруден көрінеді. Зерттеу нәтижелерінің теориялық құндылығы қазақ халқының ертегі дискурсындағы дүние бейнесінің «ақыл-ой әрекеті» концептісі арқылы өзектелуі анықталады, зерттеу материалдары, жасалған тұжырымдар мен қорытындылар когнитология мен лингвомәдениеттану саласы бойынша болашақ зерттеулерге негіз болады. Зерттеуде В.А. Маслованың  концепті құрылымын концептуалды талдау әдістемесі басшылыққа алынады.  Концептіні кешенді талдау әдісі төмендегідей кезеңдерден тұрады: 1. Сөздік анықтамаларды талдау. Зерттеудің бұл кезеңінде концептіні бейнелейтін лексемалардың мағынасы қазақ тілінің әртүрлі түсіндірме сөздіктері арқылы талданады. 2. Зерттеліп отырған концептінің синонимдік және антонимдік қатарларын талдау. 3. Фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдерді талдау. 4. Дискурстық-лингвомәдени талдау. «Ақыл-ой әрекеті» концептісін қазақ қиял-ғажайып ертегі дискурсы бойынша талдау жүргізіледі.

Авторлар туралы мәліметтер

Нарқозы Қартжан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– PhD докторант

Сабира Исакова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

*Салима Кенжемұратова, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...