КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Кілт сөздер:
қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, көркем шығармаларды оқыту, белсенді оқу әдісі, оқырмандық қабілет, оқу құралдарыАңдатпа
Қазіргі жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық байланыстар, оқыту үдерісіндегі инновациялық әдістер және білім мазмұнының интеграциялануы оқу пәндерінің тұлға дамытушылық әлеуетін айқындай отырып, пәндерді оқытудың әдістемесіне үлкен жүк артады. Аталған мақалада белсенді оқу әдістерін қолдана отырып көркем шығармаларды оқыту жолдарының ғылыми-әдістемелік негізі қарастырылатындықтан оқытушы мен білім алушының өзара субъектілік іс-әрекеттері басшылыққа алынады. Оқырмандық қабілетті шыңдай түсу және білім алушылардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ әдебиеті бағдарламасында төл әдебиетіміздің дәуір тынысын бейнелеген ең таңдаулы шығармалары сұрыпталып енгізілген. Мұнда оқып-үйренуге қажетті шығармалардың екі түрі ұсынылады. Біріншісі – хрестоматиялық мәнге ие болған шығармалар. Екінші түрі – сыныптан тыс оқу тізімі ретінде берілетін шығармалар. Бірақ, білім алушыларды онымен ғана шектеп қоймай, тәрбиелік, білімдік мәні зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуына оқытушының еркі бар. Демек, пән оқытушысы – білім алушылардың көркемдік талғамы мен оқырмандық қабілетін дамыту үшін күнделікті сабақ барысында да сыныптан тыс оқуға бағыт беруі, үздіксіз басшылық жасауы, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін қарастыруы, оған кең өрісті жоспар жасауы тиіс. Мұнда білім алушылардың көркем шығарманы оқуын бірте-бірте ұлғайта беру, жүйелі дамыта оқу, қарапайымнан күрделіге қарай сатылап көшу ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, білім алушылардың бағдарлама бойынша алатын әдеби-мәдени білімдерін бір жүйеге түсіріп, әрі қарай тереңдетуді, оқырмандық қабілетті дамыту көзделеді. Сондықтан мақалада әдебиет сабақтарында көркем шығармаларды оқытудың әдістемелік деңгейіне назар аударылады және оқыту барысында білім алушылардың оқырмандық қабілетін дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылады.