*САКРАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕГІ ҮҢГІРЛЕР
Кілт сөздер:
киелі мекен, иеротопия, иерофания, үңгір, аруақ.Аңдатпа
Мақалада тылсым сырлы орындар қатарында үңгірдің алатын ерекше орны бар. Бастауын хаостан алатын бұл мекен адамзат санасында сакралды мәнімен сақталып келеді. Адамзат ғұмырының көне дәуірінде үңгір баспана болумен қатар тылсым күштермен байланыс жасайтын киелі орын қызметін де атқарды. Үңгірлерде мәдениеттің әуелгі үлгілері туындады, сурет және сәулет өнерлерінің алғашқы үлгілері де осы орында қалыптасты. Хаостың кішкентай бір бөлшегі түріндегі үңгірлер ата-баба рухымен де байланысты деп қабылданды. Тіршілік бастауындағы хаостың кейінгі дәуірлерде сақталып қалған нышаны ретіндегі үңгір поэтикалық санада жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың, сондай-ақ қорғаныс мекені болып, бинарлық оппозициялық қалпымен көрінеді. Мақалада үңгірлердің киелілік ұғымымен байланысы, ежелгі жазба мұраларда және фольклор туындыларында суреттелуі жоғарыда айтылған қызметімен байланыстырыла отырып талдау нысанына алынды. Көне санадағы үңгірдің ежелгі мәдениеттегі орны, мифтік баяндаудағы сипатымен қатар әртүрлі діни танымдардағы мәні қарастырылып, «Қорқыт ата кітабындағы», Гомердің «Одиссея» дастаны мен Мағжан Жұмабайұлының «Оқжетпестің қиясында» поэмасындағы үңгірлердің көркемдік-танымдық ықзметі талданады. Үңгірлердің киелі орындар ретінде көне танымнан көркемдік танымға ұласқан моделдері туралы тұжырымдар жасалады.