*ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДЕГІ «ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ» КОНЦЕПТІСІ
Кілт сөздер:
тұрақты тіркестер, төрт түлік мал, концепт, этномәдени атаулар, заттық образдар, халықтың тарихыАңдатпа
Мақаланың мақсаты – қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты тұрақты тіркестердің қалыптасуындағы концептілік аяны зерттеу.
Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – қазіргі уақыттағы жастардың тілінде төрт түлік малға байланысты тұрақты оралымдардың сирек қолданылуы мен олардың мағынасының көмексіленуіне белгілі бір деңгейде әсер ету.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде шетелдік В.Маслова, В.М.Мокиенко, Л.Венути, Ф.Д.Шлейермахер, В.Н.Телия, И.В.Зыкова, Г.Хухуни, В.В.Сдобников, Г.Тури, П.Ньюмарк, Р.Белл және отандық тіл біліміндегі І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, М.М.Копыленко, Ө.Айтбаев, С.Е.Исабеков, Н.Уәли, М.Т.Сабитова, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, С.Сәтенова, Г.Сағидолда, т.б. ғалымдардың зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды. Сонымен қатар, фразеологиялық сөздіктер мен көркем шығармалардан мысалдар алынды.
Зерттеу кезінде талдау, фактіге негізделген материалды саралау, жүйелеу, сипаттау әдістері қажетіне қарай пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – талдау барысында көркем шығармалар мен ғылыми зерттеулердегі, сөздіктердегі тұрақты оралымдарды салыстыра отырып, олардың ұлттық этникалық сипаты сараланып берілді.
Зерттеу қорытындыларының практикалық маңыздылығы – жұмыс қорытындыларын филология мамандықтарында қазіргі қазақ тілі, лексикология пәндерінде пайдалануға болады.