*ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫҢ АДАМҒА ӘСЕР ЕТУ МОТИВІ
Кілт сөздер:
қалалық проза, қалалық кейіпкерлер, архетип, «бос қала» архетипі, бейсаналық, ұжымдық бейсаналық, аналитикалық әдісАңдатпа
Мақалада Төлен Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесі мен Дидар Амантайдың «Мен Сізді сағынып жүрмін» повесіндегі қала тіршілігінің кейіпкерлерге (адамдардың тағдырына) әсер ету мотивіне талдау жасалды. Сондай-ақ, қала өмірінде кездесетін жалғыздық, отбасындағы түсініспеушілік, қаладағы уақыттың тапшылығы, тығыздығы, адамдардың іштарлығы мен қызғаншақтық сияқты мәселелер шығармалардан мысалдар келтіріле отырып, жан-жақты талданды. Қым-қиғаш қалалық өмірдің адам санасына, көңіл-күйі мен жан-дүниесіне әсері, адамдар арасындағы қайшылыққа толы қарым-қатынас жағдайлары кейіпкерлердің мінез-құлқына психоаналитикалық талдау жасау негізінде ашылып, шығармашылық психологиясын зерттеген ғалым К. Юнгтің жеке тәжірибесінде орын алған жағдайлардан мысалдар келтіріле отырып талданды.
Көркем шығармалардың мәтінін түсіндіруде герменевтикалық әдіс басшылыққа алынса, автордың көркем шығармадағы бейсаналық қиялын тануда, кейіпкерлердің бейсаналы әрекеттерін талдауда психоаналитикалық әдіс қолданылады. Сондай-ақ мақалада қоғамның өзгеруіне байланысты қалалық кейіпкерлердің психологиясының да өзгеретіндігін талдау мақсат етілген.
Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдарды жоғары оқу орындарында оқытылатын «Әдебиет теориясы», «Заманауи қазақ әдебиеті», «Әдеби талдау және әдеби шығармашылық» пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде, сондай-ақ әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың қалыптасуын зерттеуде пайдалануға болады.