СӨЗ СЕМАСИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СИНЕРГЕТИКА

СӨЗ СЕМАСИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СИНЕРГЕТИКА

Авторлар

Кілт сөздер:

синергетика, лингвосинергетика, семасиология, хаос, конверсия, көпмағыналылық, кеңмағыналылық

Аңдатпа

Кейінгі кезеңдердегі адамөзекті парадигманың ерекше сипатқа ие болуы тілдік жүйе мен оның бірліктерін танымдық тұрғыдан зерттеп, мазмұн мен мағынаға айырықша ден қоюға әкелді. Адамның тілдегі бейнесіне, тілдің санамен байланысына қызығушылық арта түсті, тілдік бірліктердің және олардың жұмысының психикалық құрылымдармен және танымдық процестермен тығыз байланысты болуы бірқатар ғылыми зерттеулердің негізіне айналды.

Тіл жанды құбылыс болғандықтан үнемі даму үстінде болады. Тілдің дамуы дегеніміз сол тілді құрайтын сөз мағынасының алмасуы, құбылуы, өзгеруі, кеңеюі, тарылуы және жаңа сипат алуы. Сөздердің мұндай өзгеріске ұшырауының басты себебі заттың, құбылыстардың, олардың қасиетінің, қызметінің кеңеюі, сондай-ақ сол ұғымның кең танылумен байланысты. Тіпті кейбір сөздер ғасырлар бойы тұрақсыз өзгеріске ұшырай беруі мүмкін. Бұл тіл жүйесіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторларға байланысты, аталған факторлар тиісінше сөздер мен олардың мағыналарының ауысуына әсер етеді.

Мақала тіл жүйесінде орын алатын құбылыстарға, тіл жүйесінің динамикалық өзгерісіне, атап айтқанда, бұрыннан қолданыстан шыққан сөздер мен сөз тіркестерінің қайта жаңғырып, қолданысқа енуіне, олардың жаңа мәдени-коммуникативтік контекстерде қайталануына, тіл жүйесінің үнемі қозғалыста және ашық болуына байланысты сөз мағынасының құбылып, көпмағыналылық пен мағынаның шексіз ұлғаюын қалыптастыратын тілдік жүйедегі синергиялық құбылысқа арналады.

Авторлар туралы мәліметтер

Жантас Жакупов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология  ғылымдарының  докторы, профессор

*Куралай Туйлебаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...