*ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ СИМУЛЯКРДЫҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ (Д.ЖЫЛҚЫБАЙДЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

*ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ СИМУЛЯКРДЫҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ (Д.ЖЫЛҚЫБАЙДЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-1.10

Кілт сөздер:

қазіргі қазақ прозасы, әдеби симулякрлар, прозадағы симулякр, әдебиеттегі қоғамдық сананың көрінісі, симулякр поэтикасы, қазақ әңгімелері, қазіргі қазақ әңгімелеріндегі симулякр, симулякрдың көркемдік қызметі

Аңдатпа

Қазіргі жаһандану заманындағы ақпарат ағымының толассыздығы, ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуы, әлеуметтік-мәдени өзгерістер қоғам өміріне тікелей әсер етері анық. Ал, көркем әдебиет қашан да қоғам өмірінің айнасы, жаршысы іспеттес. Бүгінде постмодернистік әдебиетке тән интермәтінділік, аллюзия, метамәтін, гипермәтін,  деконструкция, пастиш, симулякр ұғымдары қазіргі қазақ сөз өнеріне де жат емес.  Әдебиетте, әсіресе проза жанрындағы жас жазушылардың тың тақырыптар мен жаңа тәсілдік, формалықізденістерге ұмтылысы соның дәлелі. Осылайша, әлем әдебиетіндегі жаңаша сипатты амал-тәсілдер меңгеріліп, көркемдік әдістер мен бағыттар арқылы ұлттық әдебиетіміздің  өрісі кеңейіп келеді. Соңғы жылдары әдебиет зерттеушілерінің назарына іліккен, Ж. Бодрийярдың негіздеуімен ғылыми айналымға енген «Симулякрлар мен симуляциялар» теориясының маңызы зор. Аталған теорияның қазіргі кезең әдебиетінде өзіндік орны мен қызметі бар.

Аталған мақалада қазіргі қазақ прозасындағы симулякрдың поэтикалық ерекшеліктері мен көркемдік қызметі жас жазушы Досхан Жылқыбайдың «Квант» және «Матрица» әңгімелері негізінде қарастырылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты - симулякрдың бір жағынан, өмірдегі шындықты көркем түрде бейнелеудің ерекше құралы, кейіпкерлер образын ашуда жаңа көркемдік әдіс ретіндегі, екінші жағынан оқырман санасымен ойын тәсілі есебіндегі ерекшеліктерін талдау. Зерттеу барысында интертекстуалдылық, құрылымдық, семиотикалық, герменевтикалық талдау әдістері басшылыққа алынды. Ғылыми  зерттеудің  негізгі  бағыты – қазіргі постмодернистік проза, әдебиеттегі симулякр категориясы.

Жалпы көркемдік шындық өмірдегі шындықты терең сезіну, жазушының дүниетанымы, жалпы қатынасын білдіру арқылы туады. Д.Жылқыбай өз шығармаларында симулякр арқылы өмір шындығы мен көркемдік шындықты  шебер үйлестіре білген. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы ретінде автор туындыларында бұрын-соңды болмаған, жаңа үлгідегі симулякр бейнелі кейіпкерлердің сомдалуын және қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық мәселелерді жаңа қырынан суреттелуін көрсетуімізге болады.

Мақалада берілген зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Әдебиеттанудағы зерттеу әдістері» пәндерін оқытуда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.     

 

 

 

Авторлар туралы мәліметтер

Саулеш Айтуганова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

*Сымбат Сарсембаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– постдокторант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...