МАҒЖАН МЕН СӘКЕН: ТҰЛҒАЛАР ТҰТАСТЫҒЫ

МАҒЖАН МЕН СӘКЕН: ТҰЛҒАЛАР ТҰТАСТЫҒЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

дәуір, қоғамдық ахуал, тарих, тұлға, шығармашылық.

Аңдатпа

Өткен ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси ахуалдың өткірленуі мәдени-әдеби салаға да ықпал етті. Әдеби айтыстар өршіп, жікке бөлінген топтардың әрқайсысы өз көзқарастарын қорғап қалуға тырысқан кезеңде әдебиет өкілдері ұстанымдарының  арасында алшақтық байқалды. Елді оятуда қатар жүрген көтеріліс, күрескерлік пен рухани қозғалыс үнемі үндесе бермеді де, бұл XX ғасыр басындағы жағдайдың шиеленісті қалпын көрсетті. Қайткенде де өткен дәуірдің басы адамзат қоғамына ipi сілкіністер мен батыл қадамдардың қажеттігін аңғартты. Мұндай жағдаяттардың әділ бағасын беретін зерттеушілер екені белгілі. Қазақ әдебиет тарихының дамуында өзінің ғылыми әлеуетін аямай жұмсаған ғалым Т.Кәкішұлының еңбектері руханият өміріндегі маңызды кезеңдерге арналды. Сондай еңбектерінің бірі – «Мағжан-Сәкен» ғылыми эссесі. Мақалада Мағжан мен Сәкеннің қатар өрістеген қайраткерлік-шығармашылық қызметінің ақиқатын саралап дәйектеген сыншы, ғалым Т.Кәкішұлының зерттеу еңбегінің маңызы, әдебиет тарихындағы тұлғатануға қосқан үлесі, тарихи, мәдени, әдеби саладағы дәуірлік мәні бар мәліметтерді айғақтап, негіздеген зерттеушілік ерекшелігі талданады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Арай Несипбекова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

– PhD докторант

Жандос Смагулов, Академик Е.А.Букетов атындағы ҚарУ

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...