ӘБІШ КЕКІЛБАЙДЫҢ «ХАНША-ДАРИЯ» ХИКАЯСЫНДАҒЫ ГҮРБЕЛЖІН БЕЙНЕСІ
Кілт сөздер:
аңыз, сюжет, көркем кеңістік, түс көру, психологиялық деталь, суреткерлік қиял.Аңдатпа
Әбіш Кекілбай туындыларында қазақ елінің тарихы, ел жадындағы аңыздар, сол тарихи орта мен аңыздық оқиға тұлғалары философиялық-психологиялық тұрғыда бейнеленген. Солардың қатарында «Ханша-Дария хикаясы» атты туындысын ерекше атауға болады. Біз талдау нысанына алған бұл хикая тарих пен аңыз тоғысындағы бір баянды арқау еткен. Хиякаяда зұлымдық пен махаббат, қатыгездік мен адамдық тартысқа түседі. Шыңғыс – ұлы жаулаушы, асқақ билеуші, жеңілмейтін жеңімпаз болғанымен өз бапсына жетекрлік кемшілігі бар және ажалдан қашып құтылмайтын жұмыр басты пенде. Жазушы ол туралы халық аңыздарына зер сала отырып, билеушінің құлқына, ішікі жан-дүниесіне терең үңіледі. Шыңғыс ханның қанды жорықтарының бірінде жолыққан таңғұт билеушісінің ақылына көркі сай сұлу жары Гүрбелжін – бұл хикаядағы орталық кейіпкер. Мақалада Гүрбелжін хикаяның басты тұлғасы ретінде талдау нысанына алынған. Шыңғыс хан бейнесі Гүрбелжіннің фонында ашыла түседі. Кейіпкер тұлғасын даралауда жазушы тарихи аңызды суреткерлік қиялмен шебер ұштастырып, туындының мазмұндық, көркемдік сипатын психологиялық детальдар арқылы байытқан. Мақалада осы мәселелер талдау нысанына алынып, авторлық ұстанымның кейіпкер болмысын танытудағы тәсілдері сараланады.