АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМ-БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Кілт сөздер:
Қазақ, Абай Құнанбайұлы, Қара сөздер, өлең, білім, ғылым, сөз мағынасы.Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары бойынша ғылым-білімге қол жеткізудің жолдарына талдау жасалып, ойшыл-ақынның ғылым мен білімді жеріне жеткізіп айтқаны, өзі ғылым мен білімді өте жақсы білген және түсінгендігі айқындалған. Абай Құнанбайұлы ғылым мен білімді жай ғана сауатты болу үшін емес, оған белгілі бір нәтижені айқындап бергендігін және білім мен ғылымды үйренудің басты екі мақсатын көрсеткені айтылған. Оның бірі – Абай шығармаларының басты концепциясы «кемел адам» болу үшін қажет екендігі, екіншісі білім мен ғылым арқылы Қазақтың Тәуелсіздігіне қызмет ету керек екендігі ақынның өлеңдері мен Қарасөздерін арқылы дәлелденеді. Абай Құнанбайұлы шығармаларында келтірілген ғылым мен білімге қатысты тұжырымдардың қазіргі таңда да күн тәртібінен түспеген өзекті мәселелер екені қазіргі жағдаймен салыстырыла зерделенеді. Абай Құнанбайұлы шығармаларында білім мен ғылымға қатысты сөздер талданып, олардың мағыналары мен қолданылу жиілігіне статистикалық мәліметтер келтірілген. Қорытындылай келгенде, мақалада ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тапқан Абай Құнанбайұлының еңбектерінде Ғылым мен білім мәселесінің алар орны ерекше екендігі анықталған.