ӘЛІШЕР РАХАТТЫҢ «ПАРАЛЛЕЛЬ» РОМАНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ

ӘЛІШЕР РАХАТТЫҢ «ПАРАЛЛЕЛЬ» РОМАНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ

Авторлар

  • *Назерке Асан Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Нурила Халикова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

ХХІ ғасырдың басы, қазақ әдебиеті, қазақ прозасы, модернизм, экзистенцианализм, Әлішер Рахат, «Параллель» романы, кейіпкер, образ.

Аңдатпа

Мақалада ХХІ ғасырдың басындағы  қазақ әдебиетінің  жаңа белестері, жаңа көркемдік ізденістері мен әдеби процесте болып жатқан өзгерістер қарастырылады. Бұл кезең әдебиеттің дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы негізінде жаңашыл бағыттар мен ағымдарды, жаңаша көркемдік ізденістері тудырған кезең. ХХІ ғасырдағы жаһанданудың әсері  әдебиетте жаңа форма, жаңа көркемдік таным және жаңа тақырыптардың қалыптасуына мүмкіндік берді. Осыған орай, зерттеуде өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен танылған жазушы  Әлішер Рахаттың «Параллель» романы әдеби процестің көрнекті үлгісі ретінде талданады. Ә. Рахаттың шығармашылығында кездесетін философиялық тереңдік және психологиялық портреттер қазақ әдебиетінің жаңа бағыттарын көрсетеді. Романда қазіргі кезең жастарының өмірі шынайы бейнеліп, олардың дүниеге деген түсінігі жаңа көркемдік танымда суреттелген. Романның кейіпкерлері арқылы автор қоғамдағы адам қатынастарының күрделілігін, адамның ішкі күйі терең ашады. Роман әдебиеттегі модернизмнің белгілерін қабылдаған және экзистенциалистік көріністерді бойына сіңірген туынды. Роман адам болмысының күрделілігін, шынайы өмір мен өткен өмір елестері арасындағы байланыстарды көркемдік танымда бейнелейді. Мақалада Ә. Рахат шығармаларының қазақ әдебиетінің трансформациялануы мен жаһандану дәуіріндегі әсерлерін қалай көрсете алатыны қарастырылады. Мақалада шығармадағы кейіпкердің ішкі әлемін суреттеудегі жазушының өзіндік қолтаңбасы айқындалады. Зерттеу барысында деректер жинау, жинақталған әдебиеттермен танысу, әдеби шығармаларды тану мен талдауда герменевтикалық талдау жасау әдістері қолданылады.

Мақаланың мақсаты – қазіргі қазақ прозасында жаңа бағытта жазылған шығармаларға  әдеби талдау жасау, жазушылардың көркемдік ізденістерін жүйелеу, әдеби процеске еніп жатқан жаңа қаламгерлердің шығармаларын зерттеп, сын пікір білдіру, ғылыми айналымға түсіру. Осы орайда, жас жазушы Әлішер Рахаттың  шығармашылығына талдау жасау – өзекті мәселелердің бірі.  

Авторлар туралы мәліметтер

*Назерке Асан, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

– PhD докторант

Нурила Халикова, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

–  филология  ғылымдарының  кандидаты, аға оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...