*ТІЛ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ: КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЛЕКСИКА (Ә.КЕКІЛБАЕВ, Ш.АЙТМАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)

*ТІЛ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ: КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЛЕКСИКА (Ә.КЕКІЛБАЕВ, Ш.АЙТМАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

Кілт сөздер:

көркем мәтін, эмоционалды лексика, Найман ана, «қорқыныш», «қуаныш» эмоциялық күйі.

Аңдатпа

Мақалада көркем шығармада эмоционалды лексиканың берілу жолдары қарастырылады. Шығарманың мазмұнын ашуда грамматикалық, атап айтқанда, синтаксистік семантика маңызды рөл атқарады. Бұл жерде  тілдік фактілерді анықтау емес, олардың семантикалық доминантты білдірудегі рөлін айқындау, яғни тұтас шығарманың семантикасын қалыптастыру құралы ретінде қарастыру көзделеді. Эмоция – адамның жан-дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып, ойды жарыққа шығарып қана қоймайды, сонымен бірге адамның әрқилы көңіл толқындары мен жан тебіреністерін білдіруші, бағалаушы, бейнелеуші қызметтерін де атқарады. Ә.Кекілбаев пен Ш.Айтматов – эмоцияны білдіру, бейнелеу, сипаттау мақсатында тілдік құралдарды ұтымды пайдаланып, кейіпкер бейнесін аша түсуде, оның ішкі жан-дүниесін оқырманға сол күйінде жеткізуде үлкен шеберлік көрсете білетін жазушылар. Зерттеу жұмысының мақсаты ‒ Ә.Кекілбаев пен Ш.Айтматовтың көркем шығармалары негізінде эмоционалдылық категориясын танытатын лексика-грамматикалық құралдарды зерттеу. Зерттеу жұмысының мақсатына сай адам бойындағы эмоция түрлерінің тілде берілу жолдары, көркем мәтінде адамның психологиялық  күйлерін білдірудің тілдік құралдары зерттеліп, кейіпкерлер эмоциясының лингвистикалық сипатына талдау жасалды. Эмоционалдылық мәселесіне қатысты отандық және шетелдік лингвистикада жинақталған теория кез келген эмоцияның астарында бағалауыштық сипат жататындығын дәлелдеп отыр. Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесі мен Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан «қорқыныш», «қуаныш» эмоциялық күйін білдіретін тілдік бірліктер сұрыпталып, Ә.Кекілбаев пен Ш.Айтматов кейіпкерлердің эмоциялық күйін беруде фразеологизмдерді ұтымды қолданады деген тұжырымға келдік.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гулгул Искакова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

– филология докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

Динара Рыспаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...