АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ ФОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
Тірек сөздер: тілдік жағдай, тілдік жағдай, тілдің өмір сүру формалары, әдеби тіл, аумақтық диалект, говор.Аңдатпа
Мақала қазіргі қазақстандық әлеуметтік лингвистикада өзінің нақты және кең зерттеуін таба алмай отырған, қазақстандық тілдік жағдайда доминантты болып табылатын қазақ және орыс тілдерінің өмір сүру формасының тілдік жағдайдағы алатын орнын анықтауға арналған. Зерттеуіміздің идеясы мен мақсаты бүгінгі күнгі тілдік жағдайдың өзегін құрайтын әдеби тіл мен диалектілердің, говорлардың тұрғындардың сөйлеуінде және қоғамдық салаларда қолданылуын анықтау, Қазақстанның батыс өңірінің орталық және өндіріс көзі болып табылатын Ақтөбе облысының тілдік жағдайының өзіндік сипатын анықтау арқылы оның басқа облыстардың тілдік жағдайына ұқсастығы мен олардан ерекшеленетін тұстарын көрсету болды. Ұсынылып отырған мақаладағы зерттеулер әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан тілдің өмір сүру формаларына сипаттама беру арқылы, тілдік жағдайдың компонентін құраушы тілдердің өмір сүру формаларының қолданыуын анықтау. Ақтөбе облысының тілдік жағдайындағы доминантты болып табылатын қазақ және орыс тілдерінің әдеби тілі мен говор және диалект формаларының тұрғындар арасындағы салалық қолданысын айқындау мен мазмұндық қырын теориялық тұжырымдар негізінде ашу, дәлелдеу зерттеуіміздің негізгі міндеттер болып табылды. Зерттеу объектісі қазақ және орыс тілдерінің әдеби тіл, аумақтық диалектілер мен говорлар болса, зерттеу пәні Ақтөбе облысындағы қазақ және орыс тілдерінің әдеби тіл, диалектілік, говорлық деңгейдегі тілдің өмір сүру формаларының салалық қызметі болып табылды. Ол үшін тілдік жағдай мен тілдің өмір сүру формаларына арналған теориялық материалдарды зерделеу және де сәйкес қорытындылар жасап, практикалық тұрғыда тексеру көзделді. Зерттеудің практикалық маңызын алынған нәтижелердің жалпы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, диалектология бағытында оқытылатын курстарда, тілдердің қолданыс аясын реттеу мен тілдік саясат саласында толыққанды қолдануға болады.