АҚЫН МӘЖИТ АЙТБАЕВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.21Кілт сөздер:
Екінші дүниежүзілік соғыс, әскери тұтқын, Мәжит Айтбаев, ақын, поэзиясы, әдеби мұра, шығармашылығы.Аңдатпа
Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери тұтқында болған ақын Мәжит Айтбаевтың әдеби мұрасы, шығармашылығы қарастырылады. Қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орыны бар дарынның соғыс тұтқынында жүріп жазған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі, тақырыптық өзектілігі талданады. Поэзиясындағы басты тақырыптар екшеліп, көңіл-күй, табиғат лирикасының терең психологизмге құрылуының қоғамдық-әлеуметтік негіздері айқындалады. Жырықта жүріп қамыққан сыршыл ақынның туған елі мен жеріне, туған-туысқандары мен ата-анасына, сүйгеніне деген сағынышы жырланған өлеңдерінің қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы зерделенеді. Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесін, жанрлық сипатын балладаларымен еселеудегі ақындық қызметі бағаланады. Мәжит Айтбаевтың әдеби мұрасын қаратыра келіп, оның шығармашылығы соғыс тұтқынындағы ақынның күрделі тағдырын тереңрек тануға мүмкіндік беретінін ұғынамыз.
