А ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРА ОТЫРЫП ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

А ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРА ОТЫРЫП ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

әдебиет пәні, креатив, шығармашылық, шабыт, сыни ойлау, креативті тапсырма

Аңдатпа

Аталған мақалада қазақ  әдебиеті пәні аясында оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру, сол арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу мәселелері қарастырылады. Мақала авторлары ең алдымен, креатив пен шығармашылық ұғымдарына ұсынылған анықтамаларға шолу жасай отырып, олардың айырмашылықтары мен ортақтығына  тоқталады. Оқушыларды шаблонды ойлаудан арылтып, қалай жаңаша, өзгеше ойлауға үйретуге болады, баланың тек үйреніп қана қоймай, жасай алу, жасампаздық қабілетін қалай қалыптастыруға болады деген сұрақтарға жауап іздейді. Бүгінгі білім беру ортасында ерекше сұранысқа ие креативті, жасампаз әрі шығармашыл жастарды тәрбиелеуде осы мәселенің өзектілігі анық байқалады. 

Зерттеудің мақсаты –  қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың  креативті ойлауы мен шығармашылық қабілетін  қалыптастыруды теориялық негіздеу, отандық әрі шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау.  Соның негізінде қазақ әдебиеті сабағында оқушының өзгеше пайымдау, қорытынды жасау, шығармашылық бейімін арттыру сынды дағдыларын қалыптыстыруға ықпал ету. 

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері әдіснамалық ұстанымдармен, педагогикалық -философиялық тұрғыдан білім алушының қабілеті мен мінез ерекшелігі туралы іргелі қағидаларымен сәйкес келеді.  Сонымен бірге тұлғаға бағдарланған оқыту жүйелерімен,  креативтілікті арттырып, шығармашылықты  қалыптастыруға қатысты психологиялық-педагогикалық зерттеулермен, білім беру саласындағы тұжырымдамаларымен  өзара байланысты.  Мақаланың практикалық мәні жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқыту әдістемесі саласында ізденіп жүрген педагог- зерттеушілер үшін жоғары болмақ. 

 

Авторлар туралы мәліметтер

*Баян Керімбекова, SDU University

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Ғазиза Отарбаева, SDU University

– философия докторы (PhD), ассистент профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...