*ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРИСТИКА. ОТЫНШЫ ӘЛЖАНҰЛЫ ЖАЗҒАН ҚАЗАНАМА ЕСТЕЛІК РЕТІНДЕ

*ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРИСТИКА. ОТЫНШЫ ӘЛЖАНҰЛЫ ЖАЗҒАН ҚАЗАНАМА ЕСТЕЛІК РЕТІНДЕ

Авторлар

Кілт сөздер:

мемуаристика, қазақ әдебиеті, қазанама, Отыншы Әлжанұлы, естелік, әдеби мұра

Аңдатпа

Мақала алаш қозғалысының көрнекті өкілі, алашорда үкіметінің мүшесі, Жетісудағы алаш қозғалысының басшыларының бірі, ағартушы-публицист, халық ағарту мәселелерімен айналысқан Отыншы Әлжанұлының (1873-1918) өмір жолының маңызды кезеңдеріне арналған. Сонымен қатар, мақалада алаш зиялысы, педагог, аудармашы Отыншы Әлжанұлының әдеби мұрасы, оның ішінде мемуарлық туындылары, некрологтар қарастырылған. Ұлт әдебиетінде қазанамалардың жазылуы, алаш қайраткерлерінің көңіл айтуларындағы естеліктердің мән-маңызы, ерекшеліктері талданған. Некрологтардың тұлғатанудағы естелік сипаты, ондағы дәуір шындығы мен адам тағдыры, өзге ұқсас туындылармен ұқсастығы, айырмашылығы сараланып беріледі. Ескеретін бір жайт, талдауға алынған некрологтар екі негізде: біріншісі – тарихи тұлға Отыншы Әлжанұлының опат болуына байланысты қазақ зиялыларының жазған қазанамалары, екіншіден – қаламгер ретінде Отыншы Әлжанұлының өзі жазған некролог (алғашқы әрі жалғыз) жан-жақты талданады. Әр некрологтан авторлардың өздері қатысқан, көзбен көрген, куә болған тарихи оқиғалар, алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірлері туралы көркем естеліктерді аңғаруға болады. Мақала жеке тұлғаның өмірі мен атқарған жұмыстарының жылнамасын, ғұмырнамасын тереңірек білуде некрологтардың маңызды екенін байқатады. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіндегі мемуаристика жанрының қалыптасуынан ақпараттар беріледі.

Авторлар туралы мәліметтер

*Заңғар Кәрімхан, Шәкәрім университеті

– постдокторант

Қарлығаш Әубәкірова, Шәкәрім университеті

– филосифя докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

Елдос Тоқтарбай

– PhD докторант

Әдебиеттер тізімі

Әдебиеттер:

Альжанова С. Тулемисова Г. Отыншы Альжанов – «Беркут Алаш-Орды». – Алматы: Фонд Алтынбека Сарсенбайулы, 2008. – 180 б.

Нүсіпоқасұлы А. Тал бесіктен жер бесікке дейін. – Алматы: 2014. 592 б.

Russian author Count Tolstoy dead at Astapovo. // Guardian.com Sat 21 Nov 2015 https://www.theguardian.com/books/2015/nov/21/tolstoy-count-leo-death-1910

Cейфеддин О. https://www.malumatfurus.org/omer-seyfettinin-olumu-otopsisi-kadavrasi/

Кемеңгер Қ. Әлихан әлемі. Көрсеткіш, мақалалар. Алматы: 2016. 228 б.

Ғали хан. «Қазақ» газ., №192, 1916 жыл. С.-Петербор.

Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937). Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. Полное собрание сочинений в 7 томах. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2011. – 560 б. – VI том.

Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, 1991 ж. 70 бет.

Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы.2-том: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары /Құраст: Г. Дулатова, С. Иманбаева. — Алматы: Мектеп, 2013. – 392 б.

Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Зерттеулері, көркем шығармалары, мақалалары. Құраст. Қамзабекұлы Д. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. Т.1. 384 б.

Әлжанұлы О. «Зайыр Мұхамед Ибрахимұлының дүниеден көшуі». // «Дала уәлаяты газеті» 1894 ж, №33.

ҚР ОМА, 369-қ., 1-тіз., 7327-іс.

Әлжанов О. Шығармалар жинағы. – Алматы: «Алаш», 2004. 296 б.

Кенжебаев, Б. Асау жүрек. С. Торайғыров өмірінен деректі әңгімелер, мақалалар, зерттеулер / Б. Кенжебаев. - Алматы: Рауан, 1995. – 160 б.

Кәрімхан З. Өксік ғұмыр. Бас форматындағы комикс кітапша. – Анкара, 2022. – 24 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...