ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ БАҚСЫ САРЫНЫ

ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ БАҚСЫ САРЫНЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

әңгіме, образ, сарын, бақсы, шаман, діни культ, бақсы ойыны

Аңдатпа

Қазақ әдебиетінің фольклорлық және рухани қазыналарының бірі болып саналатын бақсы сарынының түп тамыры ежелгі дәстүрлер мен наным-сенімдерге негізделген. Көшпелі қазақ өмірінде бақсылардың функционалдық қызметі кең болып, бақсылар жырау, емші, көріпкел, халықтың рухани жетекшісіне айналған. Әдебиеттегі бақсы сарыны сонау мифологиядан бастау алып, аңыз, жыр-дастандар, әңгімелермен жалғасын тауып, қоғамдық өмірде ерекше рөл атқарып қана қоймай, халықтың өмірге деген көзқарасын айғақтайтын элементке айналған. Қазақ фольклорындағы шығармалар мен оларда кездесетін бақсы бейнесі тақырыптың көнелігінің айғағы болып саналады. Әдебиетте болмыстағы алуан түрлі құбылыстарды, өмір шындығының өзекті сипаттарын, бейнелі-жанды көріністер арқылы бақсы образы толыққанды орын алған. Қазақ даласында XVIII ғасырда бақсылыққа ерекше ден қойып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қағаз бетіне түсіру жұмыстары басталған еді. Қазақ ғалымдарынан бөлек қазақ даласындағы бақсылықты орыс ғалымдары да зор қызығушылықпен ізденіп, еңбектерінде пайымдап сараптаған.

Мақалада қазақ әдебиетіндегі бақсы сарыны тақырыбы зерделеніп, әңгімелердегі бақсы бейнесін ашу үшін әдебиет пен мифтің, фольклордың өзара байланысы мен ерекшелігі көрсетілген. Оның көркемдік ерекшеліктері, тақырыптық, мазмұндық мәні талданып, әдебиетте бейнеленуі сөз болады. Әр ұлттың «бақсы» атауына берген анықтамалары келтіріліп, көрнекті ғалымдардың зерттеу еңбектері бойынша ережелерге шолу жасалған. Зерттеудің алғышарты болған бақсы образы тек емдеумен айналысатын жан ретінде ғана емес, дәстүр мен мәдениеттің символы, адам мен қоғам мәселелерін түсінетін, моральдық қолдау көрсететін тұлға ретінде әңгімелерде бейнеленеді. Бұндай бейнесі көбіне диалогтық қатынастарда ашылып, күрделі образ жасайды.

Мақалада талданатын бақсы ойыны, ойын барысындағы қимыл-әрекетіне назар аударылып, бақсы ойынының негізі рух-иелік көне таным-түсініктермен тамырласып жататындығы көрсетіледі. Бақсы ойынына шығармалардан нақты мысалдар келтіріліп талданады. Қазақ әдебиетінде бақсы тақырыбы шығармаларына негіз болған Жүсіпбек Аймауытовтың «Қара бақсы», Жұмекен Нәжімденовтың «Бақсы», Думан Рамазанның «Бақсы мен пері» туындылары зерттеу нысанына алынып, бақсы рөлі бағамдалған. Әдебиеттің әр дәуіріндегі бақсыға, бақсылыққа деген тұжырымдар әңгімелер арқылы көрсетілген. Халық дүниетанымы мен сенім жүйесіндегі бақсының орны шығармалар арқылы көрсетіліп, қоғамдағы ықпалы айқындалған.

Авторлар туралы мәліметтер

*Рита Султангалиева, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университеті

филология ғылымдарының кандадаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры

Балауса Бірлесова, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университеті

магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...