ТЕРМИН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ТЕРМИН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

термин, қазақ терминологиясы, термин қалыптастыру, жарыспалылық, калькалау

Аңдатпа

Бұл мақала Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ терминологиясының өзекті мәселелеріне арналады. Көптеген қазақ сөздерінің термин ретіндегі қолданысы қазақша ғылым тілінің қалыптасуына оң ықпал етіп отыр. Сонымен бірге қазақ тіліндегі термин қалыптастыру тәжірибесінде жаңа мәселелердің пайда болғандығын және оны шешудің қажеттігін алға шығарады. Мақалада қазақ терминологиясындағы өзгерістердің басты себептері, термин мәселесінің зерттелуі, термин қалыптастырудағы жаңа үрдістер сипатталады. Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ тілінде  термин қалыптастырудың өзекті мәселелерін айқындай отырып, терминді жүйелеуде, біріздендіруде оң ықпал ете алатын жолдарды ғылыми жұртшылыққа ұсыну, таныстыру. Мақаланың ғылыми жаңалығы термин қалыптастыру тәжірибесіндегі жаңа үрдістерді айқындаудан көрінеді. Құзіреттілік, жарыспалылық, аудару (калька), терминологиядағы қиындық тәрізді мәселелер жаңаша қырынан қарастырылып, олардың қазақ терминологиясын жүйелеудегі орнын анықтайды. Қазақ тіліндегі термин қалыптастыру барысында негізгі деген ұстанымдарды айқындай білу, қазіргі тілдік ахуалдың даму сипатын ескере отырып, ұтымды тәсілдерді таба білу, оңтайлы көзқарастарды саралау тәрізді мәселелер қарастырылады. 

Автор туралы мәліметтер

Сарқыт Әлісжан, Назарбаев Университеті

– филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...