*БЕКМҰРАТ УАХАТОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ НЕГІЗІ

*БЕКМҰРАТ УАХАТОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ НЕГІЗІ

Авторлар

Кілт сөздер:

фольклортану, Бекмұрат Уахатов, отбасылық ғұрып фольклоры, балалар өлеңдері, балалар фольклоры, көркемдік ерекшеліктер

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ фольклористикасының бастауы мен қайнар көзі болған балалар фольклорының дамуы мен қалыптасуының ерекшеліктерін зерттеген Бекмұрат Уахатовтың еңбегінің маңызы туралы мәселе қарастырылады. Бекмұрат Уахатовтың балалар фольклорын халық шығармашылығының маңызды салаларының бірі ретінде қарап, мазмұны терең көне музыкалық сарындармен астасып жатқан, бала тәрбиесіндегі рухани өзек болып саналатындығы жөнінде айтылып – жазылған ғылыми тұжырымдамаларына талдау жасалынады. 

Ғалымның балалар фольклорының жиынтығы тек қазақ ауыз әдебиеті тұрғысында ғана емес, туысқан түркі тектес ұлттар мен этностардың балалар фольклорының ерекшеліктерімен салыстыра қарастырылып, тақырыптық, жанрлық, сюжеттік, поэтикалық көркемдігі танылады.

Бекмұрат Уахатовтың зерттеулері арқылы халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан-салалы, соған лайықты олардың атқаратын қызметі де түрліше екенділігі пайымдалып,  оларды шығу, орындау ерекшеліктеріне қарай үлкендердің балаларға арнап шығарған өлеңдер, балалардың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар табиғатына сипаттама беріледі.

Сонымен қатар зерттеулер негізінде қазақ халқының рухани құндылықтарын ұлттық əдебиет пен мəдениет арқылы қалыптастырудың жолдары, оны жүзеге асыруда жас ұрпақты балалар əдебиетінің үлгілерімен таныстыру, фольклор үлгілерін игерту, дəстүрлі мəдениетімізді сақтаудың құралы ретіндегі маңыздылығы айқындалған.

 Жас ұрпақты мəдениетті, өркениетті елдің азаматы ретінде тəрбиелеудегі балалар фольклорының айрықша орны туралы баяндалған. Қазақ халқының тұрмыс-салты мен ата-баба дəстүрінен сыр шертетін, өткен өмір көрінісімен бірге тығыз дамып келе жатқан дəстүрлі мəдениетті қалыптастырудағы фольклор жанрының ғасырлар бойы дамып, өркендеп келе жатқан үлкен ғылым екендігі көрсетілген.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айгерим Ташекова, Торайғыров университеті

– PhD докторант

Нартай Жүсіпов, Торайғыров университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Әліби Шапауов, Қазақ ұлттық өнер университеті

– филология ғылымдарының кандидаты

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...