ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДІК КОНТАКТІЛЕР: КӨПТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР ТІЛІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДІК КОНТАКТІЛЕР: КӨПТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР ТІЛІ

Авторлар

Кілт сөздер:

тілдік контактілер, көптілділік, жастар тілі, әлеуметтік лингвистика, ауызша сөйлеу

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы тілдік контактілердің жағдайы сөз болады. Нақтылап айтсақ, еліміздегі мамандыққа қатысты негізгі пәндер ағылшын тілінде жүретін жоғары оқу орындарындағы тілдік контактілер жайы қарастырылады. Қазір мұндай оқу орындарының саны көбеюде. Бұл оқу орындарындағы тілдік контактілердің пайда болуы, болашақтағы бір-біріне әсері қандай деңгейде болатындығы туралы болжам жасау үшін, алдымен, нақты жағдаяттардағы студенттердің сөйлесімдеріне зерттеу, талдау жасалды. Зерттеу сұрақтары: студенттер түрлі жағдайда қай тілдерді пайдаланғанды қалайды және әртүрлі жағдайлар олардың тіл таңдау процесіне қалай әсер етеді? Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанда қазіргі уақытта жиі қолданылатын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің қызметін анықтау. Қазақ мектебін бітірген қазақ ұлтының өкілдері бұл тілдерді қалай (қаншалықты жиі) және қай жерде қолдана алатынын анықтау. Осы сұрақтарға жауап іздей отырып, жастардың түрлі жағдайда әртүрлі тілді пайдалану себептерін талдайтын боламыз.

Автор туралы мәліметтер

Жанар Байтелиева, Назарбаев Университет

Филология ғылымдарының кандидаты, ассистент профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-24 - 2022-05-04 жаңартылды

Нұсқалар

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...