ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ КОГНИТИВТІ МЕТАФОРАНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Кілт сөздер:
концепт, қазақ, лирика, тіл, метафора, фольклор, ұлт, дүниетаным.Аңдатпа
Метафора – басқа нәрсемен салыстыру арқылы идеяларды немесе тұжырымдарды білдіру үшін қолданылатын лингвистикалық құрал. Метафораны қолдану тарих бойы поэзияның дәйекті сипаты болды. Мақаламызда қазақ халық лирикасындағы когнитивтік метафораның семантикалық сипаты қарастырылған. Зерттеу нысанымызға алынып отырған Бабалар сөзі еңбегінде когнитивті метафораны айқындайтын тілдік бірліктердің ұлттық дүниетанымда берілгені аңғарылады. Бабалар сөзі еңбегінде метафоралардың қалай пайдаланғанын талдай отырып, зерттеушілердің адам миына тілді қалай өңдеп, қалай түсіндірілетінін терең түсінуге мүмкіндік алады. Мақаламызда әдеби талдау, когнитивтік лингвистика сияқты әдістер қолданылды. Нәтижесінде қазақ лирикасындағы когнитивтік метафораның симантикасын зерттеу метафоралық ойлау мен және тілді пайдаланумен байланысты когнитивтік процестер туралы түсінік береді.
Мақаламыздың басты мақсаты - қазақ халық лирикасы тіліндегі когнитивтік метафораның семантикалық сипатын айқындау. Қазақ халқының болмысы мен тыныс-тіршілігін танытатын фреймдер талданды. Сонымен қатар, когнитивтік метафоралардың мағынасын ашатын сценарийлік және схемалық құрылымдар мен ойсурет арқылы берілуі анықталып, талданды. Тұрақты және индивидуалдық метафоралар, эпитетті және теңеулі метафоралар, когнитивтік метафоралар түрлері анықталып, мысалдар келтіріліп, талдаулар жасауға тырыстық.
Жұмыстың теориялық нәтижесін Когнитивтік лингвистика, Этнолингвистика, Лингвомәдениеттаным, Мәтін лингвистикасы сияқты курстарда пайдалануға болады. Сондай-ақ Стилистика және тіл мәдениеті, Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндері бойынша өтетін тәжірибелік сабақтарда көмекші материал ретінде қолдануға болады.