ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ФОЛЬКЛОРДЫҢ МАҢЫЗЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ФОЛЬКЛОРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

фольклор жанры,, ауыз әдебиеті,, мақал-мәтел,, жұмбақ,, сөйлеу әрекеті,, сөздік қор,, тіл байлығы,, танымдық мазмұны.

Аңдатпа

Қандай да болмасын халықтың тілі, әдебиеті, мәдениеті туралы түсінік фольклордан бастау алатыны белгілі. Фольклор – халықтың мол әдеби мұрасы, сөз өнері, тұрмыс-тіршілігі, інжу-маржаны болып табылады. Онда ұлттық танымға байланысты ақпараттар, мағлұматтар молынан кездеседі. Бүгінгі жаһандану дәуірінде осы рухани мұраны жастар бойына қалай сіңіре аламыз, қалай жеткізе аламыз деген мәселеде «Қазақ тілі» сабағында фольклор үлгілерін пайдалану – білім алушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, сөз қолданысы шеберлігін арттырып қана қоймай, танымдық тұрғыдан да ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық тәрбие бағытында да зор маңызға ие бола алады.

  Мақалада мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқыту үдерісінде қазақ фольклорын қолдану әдістемесі туралы сөз болады. Сөйлеу әрекетінің оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым тапсырмаларында фольклорға байланысты ақпараттарды, мәліметтерді қолдану мүмкіндігі  практикалық сабақ тұрғысынан талқыланады.

Әр сабақ барысында фольклордың білім алушыларға беретін танымдық, тәрбиелік қырлары  туралы айтылады. Фольклордың мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш үлгілеріне арналған тапсырма түрлерін типтік бағдарламадағы тақырыптарға сәйкес түрлендіре отырып қолдануға болады. Себебі, фольклордың бұл үлгілері көлемі жағынан ықшам, айтылуы жағынан ырғақты ұйқасқа құрыла отырып, тіл үйренушінің қабылдауына оңай әрі жеңіл болатындығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің құрылысы жағынан ықшам және қарапайым болғаныменен, құрамындағы сөздік қор, тіл байлығы, білім алушының ой-өрісін дамытып, сөз қолданысын кеңейтуге, мәнерлі сөйлеуге үйретеді.

Фольклордың шағын жанрларының бірі – жұмбақты сабақ барысында қолдану, өкінішке орай, соңғы кезде сирек кездеседі.  Сондықтан халық мұрасының бай қазынасын насихаттау мақсатында сабақта жұмбақтарды да көбірек беріп отырған жөн. Жұмбақтар адамның ой-өрісін дамытып, тұспалдап айтылған ойды анықтау барысында білім алушының дүниетанымын кеңейтеді, тілін байытады. «Қазақ тілі» сабағында мәтінге байланысты алынған фольклорлық үлгілер тақырыпты игеруге, оның мазмұнын аша түсуге көмектеседі.

Авторлар туралы мәліметтер

Рабиға Тұяқбаева , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Алтынай Ашенова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Салтанат Тойбекова , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 – аға оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...