ФРЕЙМ АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОРДЫ АРТТЫРУ
Кілт сөздер:
когнитивтік лингвистика, дүниетаным, фрейм, фреймдік модель, фреймдік семантика, білім жиынтығы, слоттар.Аңдатпа
Мақалада қазақ тілін оқытудың когнитивті мәселелері фрейм тұрғысынан қарастырылады. Мақаланың мақсаты – зерттеліп отырған фреймнің слоттарын жіктеп, олардың семантикалық өрістерін айқындау арқылы тілдік қорды арттыру тәсілін ұсыну, сонымен қатар қазақ тілін меңгертудегі фреймдердің рөлін анықтау және олардың ерекшеліктерін көрсету. Қазақ тілін үйренуші студенттер үшін бастауыш деңгейде отбасы туралы білім жиынтығын құру қабілетін қалыптастыруға когнитивті модельдер қажеттілігін ескеру. Талдау барысында құрылымдық-семантикалық және салыстырмалы, фреймдік талдау әдістері пайдаланылды. Семантикалық мағыналар фрейм модельдері түрінде құрылып, 9 слот қарастырылды. Когнитивті модельді бейнелейтін фрейм білімді игеру процесін жеңілдетеді. Тілді меңгеру мақсатына қарай фреймді модельдеу мақалада келтірілген мысал сияқты белгілі бір концепциямен немесе фрейм деңгейінде берілуі мүмкін. Сөйлеуді дамыту сабақтарында лексиканы оқыту кезінде фрейм арқылы сөйлеу қаңқасын құрудың, слоттар картасын пайдаланудың тиімділігі сипатталады. Тілді меңгеру қоршаған әлемнің барлық аспектілерін білу сияқты, танымның бүкіл аясын қамтиды: сөздер мен фразаларды есте сақтау, тәжірибені қолдану, тілдік байланыстар арасындағы заңдылықтарды, концептуалды схеманы және мысалдарды вербализациялау арқылы сөйлеу процесін ықшамдау мүмкіндігін береді.