CӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ ӘДЕБИ – ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Кілт сөздер:
кеңес әдебиеті, әдеби сын, сыншы, роман, әдебиет мәселелері, сыни көзқарас, әдеби талдау.Аңдатпа
Академик-жазушы Сәбит Мұқановтың шығармашылығының арналы саласы – әдеби-сын еңбектері. Сәбит Мұқановтың «Қазақ әдебиеті һәм Ыбырай» (1924) классикалық мақаласында қазақ әдебиеттану ғылымына баға берілсе, «Көркем әдебиет туралы» (1926) мақаласында көркем әдебиет мәселесі, ал «Роман туралы» (1939) мақаласында роман жанрына қатысты теориялық мәселелер сөз етіледі. Мақалаларының барлығы дерлік кеңес әдебиеті тақырыбына арналған.
Сәбит Мұқановтың әдеби-сын мақалаларында ұлт әдебиетінің жалпы мәселелері зерделенді. Сонымен қатар ғалымдардың академик-жазушы Сәбит Мұқановтың сыншылық қызметі жайлы сүбелі пікірлері келтіріліп, сыншылық еңбегіндегі шеберлік қырлары айқындалды. Жазушының әдеби-сын мақалаларынан кеңестік социология тұсындағы әдеби процесс, көркемдік қалыптасу мен даму шежіресі көрсетілді. Сәбит Мұқановтың ғылыми мұрасын жаңаша көзқарас тұрғысынан оның зерттейтін, зерделейтін тұстары әлі де жеткілікті. Сол себепті қаламгердің әдеби шығармашылығына XXI ғасыр тұрғысынан объективті баға беру дұрыс деп санаймыз. Сәбит Мұқановтың әдеби- шығармашылығында әдебиеттану ғылымына қатысты көкекейсті мәселелер салмағы жағынан да, көлемі жағынан да бағалы зерттеу еңбегінің жүгін арқалап тұр деп толық сеніммен айта аламыз.