ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛЬДІК КӨРІНІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.10Кілт сөздер:
ментальдік, ұлттық діл, мәтін, қорытынды ой, ұлттық рух, код, дүниетаным.Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық дүниетаным көріністерін саралап, талдап, көрсету арқылы қазіргі қазақ поэзиясының жаңа биігін айқындау. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – қазіргі қазақ әдебиетіндегі лирикалық шығармалар арқылы көрінетін ментальдік мәселесін анықтап, оның әдеби үрдіспен байланыстылығын зерделеу арқылы болашақ зерттеулерге негіз болатын тұжырымды пікір білдіру.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері алынды. Атап айтсақ, Д.Кішібеков, В.В.Колесов, А.П.Комаров, Д.Қамзабекұлы, Б. Омарұлы, А.Шәріп, Ə.Тұрғынбаев және тағы басқа зерттеулердегі ұлттық код, ұлттық дүниетаным, ментальдік, діл философиясы туралы мәселелер қарастырылды. Зерттеу барысында Н. Айтұлы, Т.Әбдікәкімовтің лирикалық шығармалары талдандана отырып, бақылау, фактіге негізделген материалды саралау, талдау және жүйелеу барысында сипаттау, компонентті талдау, тілдік жағдаяттарды үлгілеу әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – қазақ әдебиетіндегі қазіргі тәуелсіз рухты әдеби ағымда жазып жүрген ақындардың шығармаларына талдау жасау арқылы қазіргі қазақ лирикасындағы ұлттық ментальдік мәселесінің біршама зерттелуінде. Жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы – филология факультеттерінде қазіргі қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы пәндерін оқытқанда және талдау жұмыстарын жүргізгенде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.
