ХХ ҒАСЫР ПРОЗАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ АСТАНАЛАРЫНЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ
Кілт сөздер:
постмодернизм, городская проза, модель, столица.Аңдатпа
Мақала қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесі саналатын көркем образ жасау мәселесін зерттеуге, оның ішінде XXI ғасыр прозасындағы әлем астаналарының моделін анықтауға арналған. Мақалада қалалық өмір салты, үлкен қаладағы кішкентай адамның тағдыры, жалғыздық, жеке тұлғаның оқшаулануы сияқты әлеуметтік маңызды мәселелер қарастырылған. Жұмыс үшінші мыңжылдықтың басында әдебиетте қала тақырыбын өзектендірумен тікелей байланысты. Мақала қала тақырыбын зерттеу нысанына алған теориялық әдебиеттерге шолу жасаудан басталады. Зерттеу барысында М. Бевилл, А. Вессельс, П. Торкамане, С.В. Пирогов, В.В. Цуркан, Т.И. Васильев, Н.Л. Карпичев және т.б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Зерттеу нысанына француз жазушысы Анна Гавальданың «Жай ғана бірге» (2004), орыс жазушысы Сергей Шаргуновтың «Фотосуретсіз кітап» (2011), қазақ жазушысы Дүкенбай Досжанның «Ақ Орда» (2005) сынды постмодернистік романдары алынды. Париж, Мәскеу және Нұр-Сұлтан сияқты әлем астаналарын бейнеленген көркем туындыларға герменевтикалық талдау жасау арқылы төмендегідей астана модельдері анықталды: 1. «Астана – хронотоп»; 2. «Астана – әдемі қала»; 3. «Астана – естеліктер қаласы»; 4. «Астана – православиелік қала»; 5. «Астана – мансап қаласы»; 6. «Астана – жаңа мемлекеттің символы».
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2022-05-04 (3)
- 2022-04-14 (2)
- 2022-03-24 (1)