ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ ЛЕКСИКАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кілт сөздер:
Интернет лексика, социолингвистика, интернет сленг, қытай тілін үйрету, әлеуметтік мәдениетАңдатпа
Қазіргі заманауи электронды ақпарат кеңістігінде «интернет лексика немесе интернет тілі» деген ұғым кеңінен қолданылады. Интернет лексика дегенді электронды қарым-қатынас тілі, компьютер мен ғаламтор тілі деп те атауға болады. Бұл ұғым ғаламтор пайдаланушыларының сөз қолданысына, тіл мәдениетіне және тілдің қолданылу сапасына тікелей қатысты. Қазіргі қоғамда ғаламтор желісінде кеңінен пайдаланатын негізгі он тілдің бірі- қытай тілі. Мақалада әлеуметтік лингвистиканың бір тармағы саналатын интернет лексиканың соңғы он жылда қытай қоғамында қалай дамыды, тіл үйренушілерге тигізген әсері қандай және Қытайдағы интернет қолданылу шарттары қандай деген сияқты т.б. сұрақтарға жан-жақты жауап береді. Сонымен қатар әлеуметтік лингвистиканың теориялық қағидалары да талқыланып, қытай тіліндегі интернет лексиканың даму тарихы, жасалу жолдары және сөзжасамдық тәсілдері де қарастырылған. Ғаламтор тілі немесе электронды коммуникацияда жиі қолданылатын қытай тіліндегі интернет сленгтер, жаргондар, қысқарған сөздерге көптеп мысалдар келтірілген. Мақала қорытындысында қытай тіліндегі интернет лексиканы зерттей келе, болашақта Қазақстандағы ЖОО-да қытай тілін үйретуде интернет лексиканың тіл үйренушілерге берер пайдасының зор, әрі тиімділігінің жоғары екендігі айтылған.