ДЖОРДЖ ОРУЭЛДІҢ «1984» РОМАНЫНДАҒЫ ПСЕВДОКАРНАВАЛ ПОЭТИКАСЫ

ДЖОРДЖ ОРУЭЛДІҢ «1984» РОМАНЫНДАҒЫ ПСЕВДОКАРНАВАЛ ПОЭТИКАСЫ

Авторлар

  • *Айнаш Мустояпова Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті
  • Ж.Ж. Ибраимова Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті
  • Ж.Ж. Ибраимова Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.21

Кілт сөздер:

антиутопия, карнавал, псевдокарнавал, жанр, карнавал мәдениеті, дүниетаным

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты – Джордж Оруэлдің «1984» романындағы псевдокарнавал поэтикасын зерттеу. Жанр категорияларын анықтаудың жаңа тәсілдері мен қазіргі әдістемелік құралдардың пайда болуы әдебиеттану зерттеулеріне жаңа мүмкіндіктер әкелді. Мақала авторлары жанрды тұрақты өзгеріске ұшырайтын жүйе ретінде қарастырады, ол әдебиеттің дамуымен үздіксіз түрленіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа жанрлық формалардың қалыптасуына немесе олардың пайда болуына ықпал етеді. Қазіргі әдебиетте антиутопия жанры балама тарих, киберпанк және басқа да іргелес жанрлардың негізіне айналуда. Бұл антиутопия жанрын зерттеуді маңызды етеді, өйткені оның жанрлық ерекшеліктері көптеген заманауи шығармаларда кездеседі. Әдебиеттерге қысқаша шолу британ жазушысының «1984» романының жанрлық ерекшелігі қаншалықты зерттелгенін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада Дж. Оруэлдің  «1984» романын псевдокарнавал белгілері тұрғысынан талдауға талпыныс жасалады. Псевдокарнавал карнавалға қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырылады. Романдағы псевдокарнавал поэтикасы М. Бахтиннің карнавал концепциясы мен әдебиеттің карнавалдандырылуы туралы тезисіне сүйене отырылып талданады. Зерттеліп отырған антиутопиялық романның поэтикасы карнавал поэтикасына қарама-қарсы принципте құрылған.Мақалада карнавал мен псевдокарнавал поэтикалары салыстырмалы талдау негізінде қарастырылады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айнаш Мустояпова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

- кандидат филологических наук,  ассоциированный профессор

Ж.Ж. Ибраимова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор ассистенті

Ж.Ж. Ибраимова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

– гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...