ТҮРКІ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ СӨЗДІКТЕРДІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
Кілт сөздер:
электрондық сөздіктер, аудармашылар, онлайн сөздіктер, қағаз сөздіктер, лексикографияАңдатпа
Сөздіктің адам өміріне қажеттілігі арнайы дәлелдеуді қажет етпейді. Ақпараттық технологияны электрондық лексикографиялық ресурстардың жаһандық жүйесіне интеграциялау әр салада қазақ тілінің одан әрі дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Онлайн сөздік лексикографиялық жүйе ретінде де, пайдаланушы үшін ақпарат көзі ретінде, сонымен қатар қазақ тілін үйрену және сауатты аударма жасау үшін маңызды құрал болып табылатынын атап өткен жөн. Себебі электрондық және онлайн аудармашылар мен көптілді сөздіктердің барлығы дерлік дамыған елдерде сұранысқа ие. Уақыт алға жылжыған сайын сөздіктердің форматы әр ғасрда әртүрлі болып дамып келеді. Бұдан қазақ сөздіктері де қалыс қалып отырған жоқ. XVIII ғ. шыққан қазақ сөздіктері дәптерлер мен парақшаларға жазылса, XIX ғ. сөздіктері шағын кітапшалар ретінде, XX ғ. сөздіктер том-том қалың көлемдегі кітап түрінде берілді. Ал ХХІ ғ. ғаламтор кеңістігінің кең жайылуы сөздіктердің жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етіп, тіларалық, мәдениетаралық байланыстар өріс алып, күшейе түсті. Бұл өз кезегінде лексикография мәселелеріне деген қызығушылықты арттырды.
Мақала түркі лексикографиясында жасалып жатқан сөздік туындылар арасында электрондық сөздіктерді, олардың түрлерін, қолданылу мәселелерін қарастыруға арналады. Электрондық сөздіктердің маңыздылығы, қағаз сөздіктерден айырмашылығы, тиімділігі көрсетіледі.