ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГИБРИД СӨЗДЕР: ЖАСАЛУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.06Кілт сөздер:
гибрид сөздер, қазақ тілі, интеграция, кірме сөздер, тіл тазалығы.Аңдатпа
Мақалада қазіргі қазақ тілінде гибрид сөздердің пайда болуы мен қолданылуы тілдің дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл мақалада гибрид сөздердің жасалуы мен олардың қолданылуы қарастырылады. Гибрид сөздер екі немесе одан да көп тілдерден алынған элементтерді біріктіру арқылы жасалады және олардың көпшілігі ғылыми, техникалық, ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылады. Мақалада гибрид сөздердің қазақ тілінің құрылымына әсері, олардың тілдік қоры мен жазба коммуникациядағы рөлі де талқыланады. Сонымен қатар, тілдегі жаңа сөздер мен терминдердің қалыптасуы, сөз тудыру процесі және графоорфографиялық өзгерістер де зерттеу объектісі ретінде қарастырылған.
Қазақ тіліндегі гибрид сөздер: Жасалуы мен қолданылуы. Қазіргі уақытта тілдің интеграциясы, яғни жақындасуы мен араласуы барлық тілдерде байқалатын құбылысқа айналды. Қазақ тіліндегі гибридтену — бұл шет тілдерінен алынған элементтерді біріктіру арқылы жасалатын сөздер. Мұндай сөздер жиі ғылыми, техникалық салада және жазба коммуникацияда кездеседі. Гибридтену тілдегі кірме сөздердің көбеюіне, жаңа ұғымдарды білдіретін сөздердің пайда болуына алып келеді. Бұл құбылыс, әсіресе, жаппай компьютерлендіру мен ғылым мен техниканың дамуы барысында белсенді түрде байқалады.
