БРЕНД АТАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАҒИДАСЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ (ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛКОГОЛЬДІК СУСЫНДАР БРЕНДІНІҢ АТАУЛАРЫ МЫСАЛЫНДА)

БРЕНД АТАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАҒИДАСЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ (ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛКОГОЛЬДІК СУСЫНДАР БРЕНДІНІҢ АТАУЛАРЫ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

Кілт сөздер:

қағида, тәсілдер, бренд, брендинг, бренд атауы, номинация

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық алкогольдік сусындар брендінің атаулары мысалында бренд атауын қалыптастыру қағидасы мен тәсілдері мәселесі қарастырылады. Зерттеу материалы қазақстандық ірі өндірушілер мен дистрибьюторлардың өнімдерінің атауы болды. Зерттеу барысында бренд атауының қалыптасуының негізгі принциптері – антропологиялық, атрибутивті, локативті, олардың ішінде бастысы антропологиялық принцип екені анықталды, яғни адамға қатысты номинация. Лексикалық талдау бренд атауын қалыптастырудың келесі әдістерін анықтауға мүмкіндік берді: лексика-семантикалық, лексика-синтаксистік, сөзжасамдық, кірме сөздер, прецеденттік феномендер. Зерттеу нәтижелерін брендинг саласындағы мамандар, сондай-ақ брендинг және нейминг мәселелеріне қызығушылық танытатын жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттері қолдана алады.

Авторлар туралы мәліметтер

Зияда Чулакова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- PhD докторант

Евгения Журавлева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...