ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ДЕФИНИЦИЯНЫҢ ЛОГИКА-КОГНИТИВТІК СИПАТЫ
Кілт сөздер:
Термин, термин дефинициясы, ғылыми мәтін, сөздің түсіндірмесіАңдатпа
Сөздіктерде тілдік бірліктердің мағынасын беруде ғалымдар сөздің түсіндірмесі, сипаттамасы, интерпретациясы, терминнің анықтамасы, дефинициясы сияқты терминдер қолданады. Мақалада дефиниция ұғымы жан-жақты қарастырылып, дефинициямен қатар қолданылатын кейбір ұғымдардың мән-мағынасын анықтауға байланысты мәселелер мен дефиницияның логикалық-когнитивтік сипаты талданды. Термин дефинициясына берілген анықтамалар мен ғылыми еңбектердегі дефиниция анықтамаларының берілуі саралана келіп, ғалымдардың ортақ пікірлері талданды. Дефиниция лексикографиялық семантизацияланудың негізгі құралы ретінде қаралғандығы айқындалды. Сонымен қатар, дефиницияның басқа ұғымдардан басты ерекшелігі және оның өзіндік айырмашылықтары мен ұқсас жақтары қаралды. Осы анықталған тұжырымдардың негізінде терминологиялық семантизацияланудың сызбасы берілді. Жалпы терминтаным ілімінде термин дефинициясына қойылатын талаптар мен оның негізгі мазмұны жинақталып көрсетілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2022-05-04 (3)
- 2022-05-04 (2)
- 2022-03-24 (1)