*ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ

*ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.14

Кілт сөздер:

Әбіш Кекілбайұлы, публицистика, көсемсөз, қоғамдық ой, мемлекетшілдік, ұлттық мүдде, Тәуелсіздік

Аңдатпа

Мақала қазақ сөз өнерінің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбайұлының публицистикалық шығармаларын зерттеуге арналған. Қоғамның өзекті мәселелерін қозғайтын, саяси және әлеуметтік процестерге ықпал ететін маңызды жанр публицистика жанрының Әбіш Кекілбайұлының шығармашылық мұрасынан алатын орны ерекше. Жазушының публицистикалық мақалалары мен эсселері, сөйлеген сөздері оның терең аналитикалық көзқарасын, ұлттық мүдде мен рухани құндылықтарға деген адалдығын айқындайды.

Мақалада автордың публицистикаға келу жолы, алғашқы жарияланымдарынан бастап, тәуелсіз Қазақстанның  бас басылымын басқару кезеңіне дейінгі және одан кейінгі жазбаларындағы шығармашылық эволюциясы талданады. Әбіш Кекілбайұлының көсемсөзіндегі өзекті тақырыптар, оның ойлау жүйесі, тілдік-стильдік ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, зерттеу барысында қаламгердің қолданған техника, стратегиялары негізінде қоғамдық пікір қалыптастырудағы шеберлігі турасында сөз етіледі.

Мақалада әдебиеттану, журналистика және саяси дискурс теорияларының әдістері қолданылған. Зерттеу нәтижелері Ә. Кекілбайұлының публицистикасының уақыт талабына сай маңыздылығын айқындап, оның қазақ баспасөзі мен әдебиетіне қосқан үлесін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

Әділет Қабылов, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

*Нағбду Қамарова, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

 – филология ғылымдарының кандидаты, профессоры

Мустафа Шоқай, Назарбаев университеті

 – философия докторы (PhD), оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...