СӨЙЛЕУ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН СИПАТТАЙТЫН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕТАФОРА ТҮРЛЕРІ (Т. СӘУКЕТАЕВТЫҢ РОМАНЫ МЫСАЛЫНДА)

СӨЙЛЕУ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН СИПАТТАЙТЫН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕТАФОРА ТҮРЛЕРІ (Т. СӘУКЕТАЕВТЫҢ РОМАНЫ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

Кілт сөздер:

фразеологизм, метафора түрлері, метафора, сөйлеу, бейне

Аңдатпа

Фразеологизмдер халық даналығын, ұлттық ақпаратты, мәдениетін ұрпақтарға жеткізетін тілдік бірліктер. Әлем бейнесін сипаттауда жазушылардың қолындағы фразеологизмдер өзіндік стильдің нышаны болып, авторлық тілді жандандырып нәрлендіре, негізгі кейіпкердің сөйлеу сипаттамасын жасауда тиімді жарқын құралға айналады.

Осы мақалада сөйлеу-мінез құлқын сипаттайтын фразеологизмдердің прозада қолданылу формалары қарастырылған. Сөйлеу-мінез құлқын білдіретін фразеологизмдер ретінде әңгімені жүргізу тәсілін және мазмұнын, әңгімені жалғастыруды, бастауды қаламауын сипаттау үшін қолданылатын фразеологизмдерді қарастырамыз.

Әр көркем мәтінде бір дәуірге тән, сол кезеңде пайда болған, ұрпақтарға жететін рухани байлық пен халық шығармашылығы, мәдениеті көрініс табады. Зерттеуге алдымен, сөйлеу мінез-құлқы фразеологизмдері фразеологиялық сөздіктерден таңдалып алынды. Мақалада сөйлеу мінез-құлқын көрсететін фразеологизмдердің арасынан әңгімені қаламауды, әңгіме жүргізу тәсілін және әңгіменің мазмұнын сипаттайтын фразеологизмдер таңдалып алынды.

Зерттеуге сөйлеу мінез-құлқы фразеологизмдері траги-комедиялық жанрда жазылған, заманымыздың танымал жазушысы Тұрысбек Сәукетаевтың «Мен – жындымын» романынан жинақталды. Романда заманымыздың өзекті мәселелері шеберлікпен суреттеліп, түрлі тұстан сипатталады. Мақалада сөйлеу мінез-құлқы фразеологизмдерінің мағынасы қарастырылады.

Бұл жұмыста лингвист А.П. Чудиновтың метафораларды топтастыруына сүйене отырып, Т.Саукетаевтың романындағы сөйлеу мінез-құлқын білдіретін, метафоралардың белгілі бір түрлеріне жататын, фразеологиялық бірліктер анықталды.

Зерттеудің мақсаты аталған әдеби шығармада кездескен сөйлеу-мінез құлқын сипаттайтын фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

Авторлар туралы мәліметтер

*Инкар Турлыбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жанна Оспанова, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– философия докторы (PhD), доцент

Нуркенова Сауле Слямбековна , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессоры м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-13

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...