СЫР ЕЛІНДЕГІ КИЕЛІ НЫСАНДАР ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАР
Кілт сөздер:
аңыз-әңгіме, киелі нысан, сакральды ескерткіш, рухани мұра, әулие, ишан, ахун, діни-ағартушылықАңдатпа
Мақалада Сырда туған аңыздардағы киелі нысандар туралы сөз болады. Аңыз әңгімелердегі рухани құндылықтар киелі жерлер географиясы негізінен білім ретінде көрініс табады.
Ата-бабадан келе жатқан дәстүрді жалғастырып, қасиетті де киелі жерлерді құрметтеу арқылы ұлттық болмыстың аңыздардағы көрінісі ашылады.
Сыр еліндегі киелі орындардың ғибраттық үлгісі айқындалды. Аңыз-әңгімелердегі киелі орындардың танымдық қызметі сарапталды.
Орта Азияға мәлім Хорасан ата, Оқшы ата, Марал ишан сияқты дін қайраткерлері туралы аңыздардан дәйектеме келтірілді. Сырда туған аңыздардағы киелі орындар мен діни-ағартушылық ой-сана назарға алынды. Аңыздардағы тарихнамалық база ашылып, саяси және рухани мағынасына баға берілді. Киелі орындар туралы зерттеуші ғалымдардың пікірлерін салыстыра отырып, өзіндік тың тұжырым жасалды.
Қазақ ғылымындағы фундаментальды зерттеулерге сүйене отырып, бүгінгі заман тұрғысынан талданды.
Аңыздардағы киелі нысандарға дәйектеме беріліп, тарихи тұлғалардың дүниетанымын ашу көзделді.
Сырда туған аңыздардағы киелі нысандар ұлттық құндылық екені дәлелденіп, ұлағаттық ойлардың мағыналық ерекшеліктері ашылды.