*ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВТЫҢ «1932 ЖЫЛ. ҚАЗАҚСТАН» ӨЛЕҢІНДЕ АШТЫҚ ЗҰЛМАТЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

*ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВТЫҢ «1932 ЖЫЛ. ҚАЗАҚСТАН» ӨЛЕҢІНДЕ АШТЫҚ ЗҰЛМАТЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.9

Кілт сөздер:

уақыт шындығы, халық тағдыры, көркем кеңістік, аштық, шындықтың бейнеленуі

Аңдатпа

Мақалада халық басынан өткен аса ауыр кезең – аштық зобалаңының трагедиясы поэзия мысалында қарастырылады.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік қанқұйлы саясаттың халықты өте ауыр қасіретке тап қылғаны тарихтан белгілі. Қазақ даласындағы аштық оқиғасы қазақ халқын алапат қырғынға ұшыратты, адамдардың жаппай қырылуына, босқынға айналуына жеткізді. Халықты жаппай қырғынға ұшыратқан аштық оқиғасы сол оқиғаларды көзімен көрген, басынан кешкен адамдардың, олардың ұрпақтарының естелігімен, құпия деп ижасырылған ресми құжаттар арқылы ұлт тарихына таңбаланып, ұрпақ жадына  орнықты. Халық тарихындағы бұл қасіретті кезең ұлт рухының айнасы  болған көркем әдебиетке арқау болып келеді. Роман, повесть, әңгіме, драмалық туындылар, өлеңдер топтамасы, поэмалар ашаршылықтың ауыр зардабын арқау ете отырып, ұлт тағдырын суреттеді. Сондай туындылардың бірі – қазақтың классик ақыны Есенғали Раушанов өлеңіндегі ұлт трагедиясының бейнеленуі  мақаланың басты зерттеу нысаны болды. Талдау барысында ақын поэзиясындағы қазақ даласының қасіретті кезеңдегі тағдыры қалай бейнеленді, елдің мұңы мен қайғысын ақын қалай танытты деген сауалдарға жауап берілді. Аштық шындығына қатысты еңбектерден дәйектемелер келтіріле отырып, өмір шындығы мен көркем шындық қатынасы көрсетілді. Тақырыпты зерделеу барысында талдау, салыстыру, даралау және жинақтау әдістері қолданылды. Талдаулар негізінде тиісті тұжырымдар жасалды.

Автор туралы мәліметтер

Жанат Аймұхамбет, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...