А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТІЛ БІЛІМДІК ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
Кілт сөздер:
А.Байтұрсынұлы тілдік таным, метатіл негіздері, зерттеу әдістері, әдіснамалық негіздеме.Аңдатпа
Мақалада қазақ тіл ғылымындағы тұңғыш тілтанушы А.Байтұрсынұлының тілтанымдық зерттеулерінің бағыты, ғылыми әдіснамалық негіздері қарастырылды. Ғалымның зерттеуі құрылымдық, танымдық сипатта қарастырылып, зерттеу концепциясы тілді табиғи негізінен шығарылады; тілдің айтылым-жазылым сипаты тепе-теңдікпен үйлестіріле талдауға бағытталғаны нақтыланды. Ғалымның зерттеу бағытын тану арқылы еңбегінен астарлы категориямен «Басым жақ» теориясы, нөлдік категориямен көрінетін «Уақытша баяндауыш» теориясы тұжырымдалды.
Зерттеуін қарастыру нәтижесінде А. Байтұрсынұлының тіл білімдік еңбегінің әдіснамасына жеке зерттеулік-әдістемелік, философиялық, табиғи танымдық (когнитивті) зерттеу әдістері негіздеме болғаны көрінді. Ғалымның еңбегінде әдіснамалық зерттеудің құралдық қолданыс әдісі; нақты деректі талдап түсіндіру әдісі; ғылыми сезімталдық (ғылыми түйсік) әдісі аңғарылады. Осындай әдіснамалық негіздемелер мен әдістемелік зерттеу әдістері нәтижесінде тілтанушы өз еңбегінде қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген метатіл негізін қалыптастырғанына көз жеткіздік.
Сонымен қатар мақалада зерттеушінің тілтаным туралы еңбегінде әдістемелік оқыту әдістері, оқыту арқылы тәжірибелік талдау жасау, түсіндіру, жалпылау, жинақтау арқылы қолданған тілдік әдістері қарастырылып, зерттеу нәтижелерінің мәні талқыланды.