АБАЙ», «САНА», «ТАҢ» ЖУРНАЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОР МАТЕРИАЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.20Кілт сөздер:
қазақ фольклоры, Таң журналы, Абай журналы, Сана журналы, мерзімдік басылым, батырлар жыры, мақал-мәтелдер, фольклорлық жанрларАңдатпа
Аталмыш мақалада ХХ ғасырдың басында жарияланған "Абай", "Сана" және "Таң" журналдарында басылған қазақ фольклор үлгілері талдауға түсті. Бұл журналдар арқылы фольклор үлгілерін жинау мен жариялау ісінің жай-күйін саралауға мүмкіндік аламыз. Себебі, бұл басылымдар қазақ фольклортану ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан журналдардың қатарына енеді. Сондай-ақ бұл журналдар ауызша мұраны жазбаша формада ұсынған мерзімдік басылымдардың қатарына жатады. Журнал бетінде басылған қазақ фольклор мұраларын жариялаушы тұлғалардың есімдерін көрсету, жарық көрген фольклор үлгілерін сұрыптау мақсаты көзделді. Бұл басылымдар арқыл фольклорды жинақтау мен жариялау ісінің маңызы тұжырымдалады. Мақалада халықтың рухани және әдеби мұрасын сақтау мен жинау ісіндегі мерзімді басылымдардың қажеттілігі айқындалды. Журналда жарияланған аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, жоқтау т.б. фольклор үлгілері қазақ қоғамының рухани мәдениетінің бір көрінісі ретінде қарастырылды. Жасалған зерттеу негізінде аталмыш журналдардың сандарынан қазақ фольклор үлгілері мен деректері туралы мысалдар терілді. Мақаланы жазу барысында қазақ фольклор үлгілері мен деректері туралы мысалдар терілді. Мақаланы жазу барысында қазақ фольклор үлгілерін тақырыптық топтарға жіктеу әдісі пайдаланылды. Кейбір мысалдарды талдау кезінде сипаттау әдісі қолданылды. Жинақталған мысалдар ХХ ғасырдың басында басылған қазақ фольклоры үлгілерінің сол кезеңнің рухани келбеті мен қоғамдық сипатын ашудағы көрінісі ретінде сипатталды. Ұсынылған мысалдарды талдау мен жіктеу қазақ фольклор үлгілерін дереккөз ретінде қолдануға, ғылыми айналымға енгізу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Бұл мақаланың практикалық құндылығын арттыра түседі.
