*Қ.СӘТБАЕВ ОҚУ МӘТІНІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

*Қ.СӘТБАЕВ ОҚУ МӘТІНІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Авторлар

  • Альфия Кеңесқызы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
  • Күләй Байдендіқызы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті– доктор педагогических наук, профессор
  • Алмас Үдербаев Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті– доктор педагогических наук, профессор

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.12

Кілт сөздер:

Қаныш Сәтбаев, этнолингвистика, ұлттық өлшем бірліктері, дүниетаным, мәдени код, ұлттық таным

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығында берілген қазақша өлшем атауларының этнолингвистикалық репрезентациясы жан-жақты талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – оқулықта қамтылған өлшем бірліктерін (ұзындық, қашықтық, көлем, салмақ) тілдік бірлік ретінде ғана емес, сонымен қатар оларды ұлттық дүниетаным мен мәдени кодтың көрінісі ретінде қарастыру. Автор математикалық ұғымдардың қазақ оқушысының күнделікті өмірлік тәжірибесіне бейімделу тетіктерін этнолингвистикалық тұрғыдан ашып көрсетеді.

Қазақ өлшем атаулары – этнографиялық әрі мәдени құндылықтар жүйесіндегі маңызды этнолингвистикалық элементтер. Олар ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тәжірибеге негізделген тұрмыстық өлшем жүйесінің тілдік көрінісі ретінде ерекшеленеді.

Қазақ халқының дәстүрлі өлшем жүйесі ұзындық, қашықтық, көлем мен мөлшер, салмақ, уақыт және мезгіл тәрізді бірнеше негізгі топқа жіктеледі. Қ.Сәтбаевтың оқулығында осы өлшем бірліктерінің ішінде оқушылардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты түрлері басым қамтылған. Ғалым есеп мазмұнын оқушыға таныс, тұрмыста жиі қолданылатын ұлттық өлшемдер арқылы жеткізе отырып, абстрактілі теориялық ұғымдарды нақты өмірлік тәжірибемен тиімді ұштастырады. Бұл тәсіл оқулық мәтінін ұлттық мәдени контекспен сәйкестендіріп, оны танымдық әрі әдістемелік жағынан құнды оқу құралына айналдырады.

Зерттеу нәтижелері «Алгебра» оқулығының математикалық білім беру құралы емес, сонымен қатар ұлттық ғылыми тіл мен дүниетанымдық жүйені біріктірген этнолингвистикалық-танымдық мұра екендігін көрсетеді

Авторлар туралы мәліметтер

Альфия Кеңесқызы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Күләй Байдендіқызы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті– доктор педагогических наук, профессор

– педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Алмас Үдербаев, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті– доктор педагогических наук, профессор

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...