Рецензиялау
Рецензенттер үшін:
Журналда жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында «жасырын» рецензиялау рәсімі пайдаланылады. Рецензент үшін рецензиялау объектісі тек алынған зерттеулердің нәтижелері болуы керек.
Рецензиялауға түскен әрбір қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент өз жарияланымдарында жіберілген қолжазбадағы материалдарды пайдалана алмайды. Рецензент материалды үшінші тұлғаларға тек бас редактордың рұқсатымен ғана жібере алады, Рецензент редакцияға жұмыстың объективті бағасын ұсынуы керек, қажет болған жағдайда жіберілген материалды жақсарту нұсқаларын ұсына алады.
Мақалаларды рецензиялауды редакция алқасының мүшелері, сондай-ақ тиісті ғылыми бағыттың рецензенттері жүзеге асырады. Мақалаға сараптама жүргізетін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді редакция мүшелері мен редакция алқасы мүшелері қабылдайды.
Егер мақала рецензент тарапынан ұсынылмайтын болса, мақала жарияланбайды және оның себептері, кемшіліктері көрсетіліп, авторға жіберіледі. Рецензенттің қайта өңдеулерді қажет ететін ескертулері болса, түзету мақсатында мақала авторына қайта жіберіледі.
Рецензент қолжазба материалдарына қатысты мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда рецензиялаудан бас тартуға құқылы. Рецензент мақаланы жариялаудан бас тартатыны туралы редакцияға жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауға міндетті. Дәлелді бас тарту қолжазба келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде редакцияға жіберіледі.
Егер автор мен рецензенттер арасында қолжазбаға қатысты шешілмейтін қарама-қайшылықтар болса, редакция қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда шешімді бас редактор редакция алқасының отырысында қабылдайды. Отырыс шешімі бойынша жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарастыруға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы хабарлама авторға журнал сайты арқылы жіберіледі.
Авторлар рецензия жіберілген күннен бастап екі аптаға дейін материалдың түзетілген нұсқасын қайтармаса, тіпті авторлардың мақаланы қайта қараудан бас тартуы туралы ескертпесе де, редакция оны есептен шығарады, авторға ескертіліп хабарлама жіберіледі.
Редакциялық алқа мақаланы жариялауға жіберетіні туралы шешімін қабылдағаннан кейін, редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялану мерзімін көрсетеді.
Рецензенттер ғылыми мақалаларды бағалау кезінде төменде аталған негізгі ұстанымдарды басшылыққа алуы керек:
- тақырыптық мамандандыруға сәйкес қолжазбаларды сараптамадан өткізуге;
- рецензиялауды уақтылы жүзеге асыруға;
- сараптау бағалауының құпиялылығын сақтауға;
- қолжазбаға объективті баға беруге;
- пікір беру барысында кемсітетін немесе беделіне нұқсан келтіретін түсіндірмелер беруге;
- өзі жеке шешім қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда, редакцияға хабарласып, ықтимал мүдделер қақтығысы болғанын жариялауы тиіс.
Пікірлер журнал сайтында сақталады.