«КОДЕКС КУМАНИКУС» ҚОЛЖАЗБАСЫНДАҒЫ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Авторлар

  • Гаухар Серкебаева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Сандыбай Боранбаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

«Кодекс куманикус» қолжазбасы, тарихи грамматика, қазіргі қазақ тілі, сөз таптары, үстеу

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі үстеу сөз табының морфологиялық өзгеру жүйесінің қалыптасуын анықтау, лексика-семантикалық топтарының ара жігін ажырату, «Кодекс куманикус» қолжазбасындағы үстеулердің қолданылуын анықтау мақсат етілген. Осы мақсатқа жетуде тілдің ғасырлар бойындағы дамуының үстеу сөз табына әсерін, қазіргі қазақ тілі өзге түркі тілдерінде коммуникативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болу үдерістерін анықтау міндеті қойылған. Жұмыстың мақсаты мен ерекшеліктеріне байланысты сипаттау, салыстыру, салғастыру әдістері, құрылымдық, синхронды және диахронды талдау жұмыстары, жинақтау, жүйлеу тәсілдері қолданылған. Нәтижесінде үстеу сөз табының морфологиялық өзгеру жүйесінің қалыптасу кезеңдері анықталып, лексика-семантикалық топтарының ара жігі ажыратылып, жекелеген ерекшеліктері сипатталған. Үстеулердің барлық түркі тілдеріндегі басты белгісі – өзгермейтіндігі жөніндегі тұжырымдарды жан-жақты талдай отырып, тілдегі болып жатқан эволюция мен түрлі даму үдерістері үстеу сөздерге де әсерін тигізіп, қазіргі қазақ тілі мен түркі тілдерінде коммуникативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болып қолданылып жүргендігі дәлелденген.

            Зерттеу нәтижелері тіл тарихы, салыстырмалы грамматика және тарихи сөзжасам, т.б. салалары бойынша өзекті мәселелерді, теориялық және қолданбалы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. «Кодекс куманикус» қолжазбасындағы үстеу сөз табының қолданысын анықтаудың нәтижесі өзге сөз таптарының пайда болу, даму ерекшеліктерін, лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерін тарихи тұрғыдан жүйелеуге теориялық негіз болады. Осы жағынан алғанда бұл зерттеу жұмысын тарихи грамматика саласына қатысты көкейкесті мәселелерді шешуде, жалпы және жеке тіл ғылымының өрісін кеңейте түсуде, тіл тарихына байланысты әлі күнге бір арнаға тоғыспай келе жатқан пікірлерді жүйелеуде басшылыққа алуға болады.

Авторлар жайлы мәлімет

Гаухар Серкебаева, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

– PhD докторант

Сандыбай Боранбаев , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

– филология ғылымдарының докторы, доцент

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі