ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ФОЛЬКЛОРЫНДА ТУҒАН ЖЕРДІ КИЕ ТҰТУ МОТИВТЕРІ

Авторлар

  • *Бекарыс Олжабаев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Абат Пангереев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Орхан Сөйлемез Кастамону университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.18

Кілт сөздер:

түркі халықтары, концепт, мотив, фольклор, ауыз әдебиеті, батырлық жырлар, эпос, сюжет

Аңдатпа

Түбі бір түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің ұқсастығы тарихи тағдырларының бір арнада тоғысқандығымен түсіндіріледі. Бір-бірімен тікелей байланыста ғұмыр кешіп, етене жақын болған туыстас халықтардың этногенетикалық және этнолоингвистикалық тұрғыда бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық болмауы заңды құбылыс. Мақалада түркі халықтарының дүниетанымында ерекше орын алатын қастерлі ұғым – туған жер концепті талданып, түркі халықтарының туған жерге деген сүйіспеншіліктерінің ортақ мотивтері қарастырылды. Бұл ретте, түркологияның бірқатар мәселелері зерттелген ғылыми еңбектер негізге алынып, ағайынды халықтардың фольклор мұраларында кездесетін отансүйгіштік, ел мен жерді қорғау сынды асыл құндылықтар салыстырылды.

Туған жер кез келген халық үшін қастерлі, киелі ұғым. Адамзат баласы үшін кіндік қаны тамып, алтын бесігіне айналған жер – құт мекен концептісін құрайды. Отан, туған жер, атамекен, атажұрт сөздері түркі халықтарының дүниетанымында киелі ұғымды береді. Туған жерді кие тұту, ардақтау, қастерлеу түркі халықтарының көне замандарда пайда болған аңыз-әпсаналарынан бастап, барлық ауызша әдебиет мұраларынан көрініс табады. Татар, қазақ, қырғыз, башқұрт халықтарының ауыз әдебиетіндегі туған жерді кие тұту мотивтерінің ұқсастығы бауырлас халықтардың тамыры тереңде жатқан тарихи-мәдени дамуымен тығыз байланысты.

Авторлар жайлы мәлімет

*Бекарыс Олжабаев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

докторант

Абат Пангереев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессоры

Орхан Сөйлемез, Кастамону университеті

философия докторы (PhD), профессор

Downloads

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану