ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КҮРДЕЛІ ҚҰРАМДЫ ЕТІСТІКТЕР МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Майра Жолшаева Сулейман Демирель университеті
  • *Нұргүл Шадиева А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.05

Кілт сөздер:

күрделі етістік, құранды етістік, етістіктің аналитикалық формасы, фразалық етістік, сөзжасамдық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық мағына

Аңдатпа

Аңдатпа. Тілдік жүйені құрылымдық жағынан зерттеу өткен ғасырда қарқынды жүрдә және қомақты нәтижелерге қол жеткізілді.  Қазақ тілтанымында лексика-семантикалық және  грамматикалық жағынан күрделігі саналатын етістіктер – құрылымдық жағынан бірнеше зерттеуге нысан болған, семантика-грамматикалық ерекшеліктері айқындалған сөз табы. Алайда қазақ тілтанымында құрылымдық жүйеде етістік сөздерге қатысты шешімін таппаған мәселелер әлі де болса кездеседі. Осындай мәселенің бірі  – күрделі құрамды етістікті тіркестер мәселесі. Мақалада алған қойған мақсат – қазақ тіліндегі құрамы күрделі тіркесті етістіктердің лексика-грамматикалық сипатын айқындау. Мақсатқа сай мақалада қазақ тіліндегі оқулық, монография, академиялық грамматикаларда «күрделі етістік» терминімен аталып, түрлі категория аясында қарастырылатын көмекші етістіктердің қатысуымен жасалатын құрылымы күрделі етістікті тіркестер талданады және «күрделі етістік» ұғымына түсінік беріледі. Сондай-ақ,  «күрделі етістік» пен «күрделі сөз» ұғымдарының арақатынасы қарастырылады. Өйткені қазақ тіліндегі «күрделі етістік» деп көрсетіліп жүрген етістіктің түрлері грамматикалық сипаты жағынан күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есімдермен пара-пар қарастыруға келмейді. Осымен байланысты мақалада қазақ тілтанымындағы күрделі етістіктердің анықтамасы мен олардың түрлерін саралауға қатысты тұжырымдар, жіктеме жасаудағы негізгі ұстанымдар талданады. Қазақ грамматикаларында күрделі етістіктер қатарында қарастырылып жүрген күрделі етістік, етістіктің аналитикалық формалары, еді көмекші етістігі арқылы жасалған күрделі формалар, фразалық немесе идиомаланған етістіктер, құранды етістіктер туралы ғылыми пайымдаулар талданып, әрқайсысының өзіне тән семантикалық сипаты, морфологиялық түрленім жүйесіндегі өзгешеліктері зерделенеді, тіл деңгейлеріне қатысы мен грамматикалық ерекшеліктері көрсетіледі. Тілдің құрылымдық жүйесіндегі мұндай күрделі құрамды етістікті тіркестердің өзіңдік айырым белгілерінің анықталып, нақтылануы теориялық та, практикалық та жағынан маңызды. Бұл, әсіресе, мемлекеттік тілді оқыту барысында оқу материалдарын жүйелеу мен етістікті құрылымдарды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін жасау үшін аса қажет. Мақалада белгілі ғалымдардың зерттеу нысанына қатысты айтқан тұжырымдарын талдап, қорытынды жасауға бағытталғандықтан талдау, салыстыру, қорыту, жинақтау, сипаттау әдістері қолданылды. Қол жеткізілген нәтижелер қазақ тілінің құрылымдық грамматика саласын, етістік семантикасы мен көмекші етістіктердің функционалды ерекшеліктерін танытатын функционалды морфология  мен аспектология саласына өзіндік теориялық үлесін қосады.

Авторлар жайлы мәлімет

Майра Жолшаева , Сулейман Демирель университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор

*Нұргүл Шадиева, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті

Downloads

Жарияланды

2023-09-12

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі