ӘДЕБИ СИМУЛЯКРДЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Сымбат Сарсембаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Саулеш Айтуганова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Мақалада постмодернистік әдебиетке тән – симулякр ұғымының поэтикалық ерекшеліктері қарастырылады. Әлемдік постмодернизм ағымы  көптеген тың тәсілдік, түрлік, мазмұндық, стильдік және құрылымдық өзгерістер алып келді. Қоғам, сана өзгерген тұста әдебиет те, оларға қойылар талап та, оны таныту шаралары да жаңартылуы заңдылық.

Қазіргі ғалымдар постмодернизмнің үш басым қасиетін ажыратады. Оларға диалогизм, ойын және интермәтінділік жатады. Алайда, аталған сипаттамалардың арасында олардың практикалық қолданылуының бірлігін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басқару өзегі жоқ. Осылайша, симулякр постмодернизм кезеңі эстетикасының әмбебап категориясы және постмодернистік мәтін поэтикасының түйінді элементі ретінде талданады. Яғни, постмодернистік туындыларды зерделеудің бірден бір құралы болмақ. «Симулякр»  категориясының шығу және қалыптасу тарихымен қатар, ерте ғасырларда Платон еңбектеріндегі тарихи түпнегізі, кейінгі ғасырларда француз поструктуралистері Ж.Батай, П.Классовски, Ж.Деррида зерттеулеріндегі постмодернистік философияның негізгі термині ретінде интерпретациялануы сараланады. Ж.Бодрийярдың «Симулякр және симуляция» концепциясы, Ж. Делездің дін және симулякр арасындағы байланыстар жайлы түсініктері жан-жақты талданады. Орыс әдебиеттанушысы М.Бахтин еңбектерінде ұсынылатын көркем мәтін, автор және кейіпкер мәселелеріне қатысты теориялары жаңа қырынан қаралады. Ғалым зерттеулеріндегі «автор-кейіпкер», яғни, автор мен кейіпкер тұтасу мәселесінің симулякр ұғымымен өзара байланысы бағамдалады.

Авторлар жайлы мәлімет

Сымбат Сарсембаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- PhD докторант

Саулеш Айтуганова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану