ОНОМАСТИКАДАҒЫ НОМИНАЦИЯЛЫҚ СИПАТ

Авторлар

  • Гүлнар Бекенова Еуразия гуманитарлық институты

Кілт сөздер:

ономастика, топонимия, география, гидроним, жер-су, сын есім, төрт-түлік мал, биотомонимдер.

Аңдатпа

Бүгінгі күні атаудың шығу тегін анықтау, олардың семантикасын ажырату – топоономастиканың алдында тұрған қиын да күрделі мақстаттардың бірі. Ерте дәуір, кешегі күн өміріне көз салғысы келген ғалымдар, өлкетанушылар, тіпті әуесқойлар топонимикалық фактілерге үңіледі, олардың этимологиясын талдап, жергілікті атаудың мағынасын ашуға тырысады. Топонимияның әр саласы әртүрлі деңгейде зерттеліп келеді. Қазіргі таңда топонимнің, соның ішінде субстратты топонимнің семантикасын ғылыми тұрғыда негізделген әдістемені әзірлеу қажеттігі зор. Мұндай әдістеме топонимдердің жалпы, жалқы ерекшеліктерімен қатар әр территориядағы, әр тілдік топонимдер семантикасын жан-жақты зерттегенде ғана жасалуы мүмкін екендігі ескеріліп, аталған мақалада объектінің сын-сипатын көрсеттін гидронимдерге назар аударылады. Сондай-ақ, судың сапасына, түсіне, гидрообъектінің формасына, сыртқы пішініне және өсімдік, жан-жануарларға т.б. ерекшеліктеріне байланысты ортақ семантикалық модельдер тобы анықталады. Бұл ортақтастық халықтардың ұлттық, тілдік өзгешеліктерімен қатар, адамға гидрообъектінің тигізер пайдасын ескеріп, өзінің тұтынушылық қабілетін қанағаттандыруды басты номинация сыны етіп алатынын көрсетеді. Мақалада Қазақстанның жер-су атауларының жинақтау, оларды реттеу, тарихи атауларды қалпына келтіру, аймақтық атаулар сөздіктерін шығару сияқты топонимиканың теориялық және қолданьбалы мәселелері – қазақ тіл білімінің өте күрделі мәселелерінің бірі екеніне назар аударылады.

Автор жайлы мәлімет

Гүлнар Бекенова, Еуразия гуманитарлық институты

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Downloads

Жарияланды

2022-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі