ҚУҒЫН-СҮРГІН (РЕПРЕССИЯ) ТАҚЫРЫБЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ МАЗМҰНДЫҚ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Ербол Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Редакциялық - баспа бөлімі
  • Лаура Дауренбекова Еуразия гуманитарлық институты
  • Жадыра Жүнісова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

терминология, қуғын-сүргін ұғымдарын жүйелеу, терминжасам тәсілдері, тілдік мүмкіндік, аударма.

Аңдатпа

Қазақ терминдері жаңа тақырыптармен, салалармен толыға түсуде. Соның бірі – қуғын-сүргін тақырыбына қатысты терминдер. Бұл тарихи тұрғыдан бұрынғы уақыттардан қарастырылып, көтеріліп, түрлі ғылым салалары тарапынан жазылып жүргенімен, оның терминдері, ұғымдары терминологиялық, терминографиялық, терминжасамдық тұрғыдан зерделеніп, қарастырылмаған. Қуғын-сүргін тақырыбының сөздері мен ұғымдарын, терминдерін қайта қарау, олардың анықтамасын жасау, терминдерін қазақ тілінде қалыптастыру қуғын-сүргін тақырыбының өзін де жаңа қырынан қарастырып, ақтау сипатындағы, тарихи баға беру сипатындағы мәселелердің де негізге алынуына мүмкіндік береді. Тақырыпты мазмұны мен мағынасы жағынан топтастыру қуғын-сүргін терминдерін жүйелеп алуға жағдай туындатады.

Тақырыпқа қатысты терминдердің жасалу жолдары мен тәсілдерін айқындау – кезекті рет қазақ тілінің термин жасаудағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, тілдік, терминологиялық әлеуетін айқындай түсті.

Авторлар жайлы мәлімет

Ербол Әбдірәсілов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Редакциялық - баспа бөлімі

– филология ғылымдарының докторы, доцент

Лаура Дауренбекова, Еуразия гуманитарлық институты

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жадыра Жүнісова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі